

Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейітжаппарұлы 1978 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аға бақылаушысы болып бастаған;
2005-2010 жж. - облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы;
2010-2013 жж. - Қызылорда облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы;
2013-2016жж. - Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы;
2016-2017 жж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;
2017 жылғы 16 мамырдан бастап Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.