

Әбсұльтанов Мұрат Байғабылұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2008 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», 2014 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Қазалы аудандық №5 кәсіптік лицейдің мұғалімі болып бастаған. 2013-2023 жылдар аралығында Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, басшының орынбасары, басшысы, Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болды.