

Ибрагимов Нұрлан Орынбасарұлы 1975 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Кәукей кентінде дүниеге келген.
1997 жылы Қызылорда мемлекеттік Қорқыт Ата университетін "заңгер оқытушы" мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы "Ақмешіт" Қызылорда гуманитарлық-техникалық институтын "Есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы "Қызылорда ОблГаз" АҚ-да бақылаушысы болып бастаған.
1999 - 2000 жж. - Қызылорда станциясының теміржол учаскесінің әскери қатынастар комендатурасының жүргізушісі;
2000 - 2001 жж. - заңгер, "Қызылорда әуежайы"ЖШС Басқарма төрағасының көмекшісі;
2001 - 2003 жж. - "Қызылорда облысы әкімі аппараты жанындағы істер басқармасы"МКК заңгері, бас инженері және менеджері;
2003 – 2004 жж. – "Томирис Лимитед"ЖШС менеджері;
2004 – 2011 жж. – "Бумер ЛТД"ЖШС директоры;
2011 – 2015 жж. - "Рауойл"ЖШС коммерциялық директоры;
2015 - 2023 жж. – "РЗА-Сут"ЖШС Қызылорда филиалының директоры;
2023 - 2024 жжж. - "Қызылорда БЭҰ" ЖШС скрининг бөлімінің бастығы.