

Тұрмағанбет Қуаныш Алтынбекұлы 1993 жылы 16 мамырда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.
2014 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Математика"мамандығы бойынша бітірген.
2014-2016 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, "Математика" бағдарламасы бойынша магистратура, жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
2014-2016 жж. "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты "Экономика"мамандығы бойынша.
2014-2015 жылдары – Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде математика пәнінен оқытушы, қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы.
2015-2016 жылдары - Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде математика бойынша II санатты оқытушы, қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы.
2016-2017 жылдары – іс жүргізуші-Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының мұрағатшысы, әдіснамалық қамтамасыз ету маманы.
2017-2022 жылдары – Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, бөлім басшысының м.а.
02.09.2022-13.10.2022 жж-Қызылорда облысының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы.
2024 жылғы 6 маусымда қала әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.