

Руслан Аймурзиұлы Нұрмағамбетов 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру"мамандығы бойынша бітірген.;
2009 жылы - "Болашақ" университетін "Экономика"мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2006 жылы "Энергомонтаж автоматика" ЖШС инженер-бағдарламашы болып бастаған.;
2007-2014 жылдары-Қызылорда облысының қаржы департаментінде, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында, облыстық энергетикалық қадағалау және бақылау басқармасында жауапты қызметтер атқарған;
2014-2015 жж.-Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары . ;
2015-2017 жж. - "Қызылорда Электржелістік Тарату Компаниясы"АҚ директорының орынбасары.;
2017-2020 жж. - "Қызылорда жылу электр орталығы"мекемесінің директоры;
2020-2021 жж.-Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;
2021-2022 жж.-ҚР Энергетика министрлігінің "Жаңартылатын энергия көздері департаменті" мекемесінде басқарма басшысы;
2022 жылғы 23 мамырда Қала әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Руслан Аймурзаұлы қаланың құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік, мемлекеттік сатып алу және тұрғын үй инспекциясы саласына жетекшілік етеді.