
Әбдіраманова Жазира Тәңірбергенқызы 1986 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген.
2007 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Педагог-психолог"мамандығы бойынша бітірген.;
2017 жылы - "Нархоз Университеті" АҚ құқық бакалавры мамандығы бойынша;
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы болып бастаған;
2008-2009 жж. -Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен, үкіметтік емес органдармен жұмыс бөлімінің бас маманы . ;
2009 жылы-Қызылорда қаласы әкімінің бас инспектор - баспасөз хатшысы;
2009-2011 жж. -Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маманы . ;
2011 жылы-Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің әлеуметтік-экономикалық даму секторының меңгерушісі;
2011-2017 жж. - қала әкімі орынбасарының көмекшісі-қала әкімі аппаратының бас инспекторы;
2017 жылы - Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2017 жылғы 6 қазанда Қала әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы болып тағайындалды.