

Орманов Айбек Ерғалиұлы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2013 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін "есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"мамандығы бойынша бітірген.;
2015 жылы - РФ Санкт-Петербург қаласының федералды мемлекеттік автономды университеті,"Компьютерлік ғылымдар" магистрі.;
2017 жылы-Қызылорда мемлекеттік университеті. Қорқыт Ата "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша.
Еңбек жолын 2016 жылы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің маманы болып бастаған;
2016-2018 жж.-Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің бас маманы;
2018-2020 жж. - қала әкімінің көмекшісі-бас инспектор;
2020 жылдың 18 қыркүйегінде қала әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ басшысы болып тағайындалды.