
2022 жылғы 16 қазанда Қазалы ауданы бойынша Аранды және Құмжиек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Аранды ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №72, және №73 учаскелік сайлау комиссияларының және Құмжиек ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №81 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде Қазалы аудандық сайлау комиссиясы Аранды және Құмжиек ауылдық округтерінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Аранды ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Аранды ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1206 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 1110 адам немесе 92,04 проценті алды. Дауыс беруге 1110 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 15 сайлаушы дауыс берді.
Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 14 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Аранды ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Мдуар Бахытбек Алтынбекович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан – 48, Тлеужанов Жанболат Койшыбаевич үшін – 96, Томаев Абилгазы Аймаганбетович үшін – 914 дауыс, барлығына қарсы – 38 дауыс берілді.
Томаев Абилгазы Аймаганбетович Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Томаев Абилгазы Аймаганбетович – 1967 жылы туған, қазақ, Аранды ауылдық округінің әкімі, Қожабақы ауылында тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес 2022 жылғы 17 қазандағы №70/180 шешімімен 2022 жылғы 16 қазанда сайланған Аранды ауылдық округінің әкімі Томаев Абилгазы Аймаганбетовичті тіркеді.
Құмжиек ауылдық округі әкіміне 4 кандидат дауысқа түсті. Құмжиек ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 942 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 543 адам немесе 57,64 проценті алды. Дауыс беруге 543 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 196 сайлаушы дауыс берді.
Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 4 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Құмжиек ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:
Абилов Адилхан Базарбаевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан – 348, Ерімбетов Талант Болатұлы үшін – 9, Кулмаханов Тулен Кулмаханович үшін – 177, Нуржаубаев Ерлан Аскарович үшін – 5 дауыс, барлығына қарсы – 0 дауыс берілді.
Абилов Адилхан Базарбаевич Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Абилов Адилхан Базарбаевич – 1978 жылы туған, қазақ, Қазалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, Әйтеке би кентінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес 2022 жылғы 17 қазандағы №71/181 шешімімен 2022 жылғы 16 қазанда сайланған Құмжиек ауылдық округінің әкімі Абилов Адилхан Базарбаевичті тіркеді.