
2022 жылғы 30 қыркүйек күні Қазалы аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 және 2 тармағына сәйкес, «AMANAT» партиясының ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Аранды ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Томаев Абилғазы Аймаганбетович;
Құмжиек ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Абилов Адилхан Базарбаевич;
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Құмжиек ауылдық округі бойынша – Кулмаханов Тулен Кулмаханович
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Аранды және Құмжиек ауылыдқ округтері әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 17 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.