
Ауданның 2020 жылдың 12 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімі 15 506 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,4 % - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 13 347 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 100,5 %-ды құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 2020 жылдың 6 айында 6 501 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 89,1 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 238 бірлікті құрап, 116,3 %-ды құрады. Субъектілердің 304-і заңды тұлғалар, 1 616-сі шаруа қожалықтары, 3 318-і жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары – 5 002 бірлік. Үлесі 116,3 %.
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылдың 6 айында 8 425 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 111,6 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.
Бөлшек сауда көлемі 7 875,6 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 98,3 %-ды құрады.
Карантин кезеңінде азық-түлік дүкендері ғана шектелген уақыт режимімен жұмыс жасап, 6 сауда базары, 23 сауда үйлері және 7 сауда орталықтары жұмыс істеген жоқ. Осының әсерінен бөлшек сауда көлемінің төмендеуі орын алды.
Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 16 003,7 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 100,6 %-ды құрады.
2020 жылы 17 675 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2019 жылы 17 508 га). Оның ішінде дәнді дақылдар – 7 616 гектар, негізгі дақыл күріш – 6 496 гектар, мал азықтық дақылдары – 7 701 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2 250 гектар, майлы дақылдар – 108 гектар.
Мал басында өсім бар.
Ірі қара 38 796 бас немесе 104,8 % /1779 басқа көбейген/;
Оның ішінде сиыр 17 601 бас, 103,8 % /647 басқа көбейген/;
Қой 53 302 бас немесе 108,8 % /4315 басқа көбейген/;
Ешкі 35 421 бас немесе 97,5 % /912 басқа азайған/;
Жылқы 34 179 бас немесе 114,1 % /4 213 басқа көбейген/;
Түйе 10 425 бас немесе 106,3% /618 басқа көбейген/;
Құс 7 966 бас немесе 105,7 % /428 басқа көбейген/.
Сауылған сиыр сүті 16 084,2 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,1 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 6 633,7 тонна болып,
100 %-ды құрады.
Алынған жұмыртқа 711,2 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
14 509 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 216 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
52,4 пайызға орындалды.
2019 жылы «Қорқыт ата» газ компрессорлық станциясы пайдалануы берілуі себепті 25,0 млрд. теңгеге инвестиция тартылған. 2020 жылдың тиісті кезеңінде ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмауы себепті құрылыс және негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі төмендеген.
Есепте кезеңде 51 119 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /269 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,8%-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.
2020 жылдың 12 айында жұмыс іздеуші ретінде
2 842 адам хабарласып, 1 582 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1 128 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 99 адам, жастар тәжірибесіне 169 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1 516 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
1 222 тұрақты, 294 уақытша жұмыс орындары.
Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 2 768 114,3 мың теңгеге жоспарланып, нақты 3 105 416,9 мың теңгеге немесе 112,2%-ға орындалды.
Республикалық бюджетке 483 936 мың теңге /жоспар 423 229 мың теңге, болжамға 114,3%/;
Облыстық бюджетке 819 208 мың теңге /жоспар 734 798 мың теңге, болжамға 111,5 %/;
Аудандық бюджетке 1 802 273 мың теңге /жоспар 1 610 087 мың теңге, болжамға 111,9 %/.
Бюджеттің шығыс бөлігі 26 295 767 мың теңгеге жоспарланса, нақты 26 036 156 мың теңгеге немесе
99,2 пайызға орындалды.
Ауданның 2020 жылдың 11 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімі 14 058 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,9 % - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 12 066 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 100,5 %-ды құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 2020 жылдың 6 айында 6 501 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 89,1 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 208 бірлікті құрап, 116,8 %-ды құрады. Субъектілердің 301-і заңды тұлғалар, 1 602-сі шаруа қожалықтары, 3 305-і жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары – 4 751 бірлік. Үлесі 116,2 %.
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылдың 6 айында 8 425 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 111,6 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.
Бөлшек сауда көлемі 6 326,8 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 86,7 %-ды құрады.
Карантин кезеңінде азық-түлік дүкендері ғана шектелген уақыт режимімен жұмыс жасап, 6 сауда базары, 23 сауда үйлері және 7 сауда орталықтары жұмыс істеген жоқ. Осының әсерінен бөлшек сауда көлемінің төмендеуі орын алды.
Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 14 528,8 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 100,5 %-ды құрады.
2020 жылы 17 675 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2019 жылы 17 508 га). Оның ішінде дәнді дақылдар – 7 616 гектар, негізгі дақыл күріш – 6 496 гектар, мал азықтық дақылдары – 7 701 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2 250 гектар, майлы дақылдар – 108 гектар.
Мал басында өсім бар.
Ірі қара 38 866 бас немесе 100,2 % /89 басқа көбейген/;
Оның ішінде сиыр 16 669 бас, 101,2 % /199 басқа көбейген/;
Қой 63 985 бас немесе 102,3 % /1 442 басқа көбейген/;
Ешкі 47 009 бас немесе 98,2 % /871 басқа азайған/;
Жылқы 32 342 бас немесе 109 % /2 679 басқа көбейген/;
Түйе 10 681 бас немесе 104,5% /464 басқа көбейген/;
Құс 7 393 бас немесе 101 % /73 басқа көбейген/.
Сауылған сиыр сүті 14 486,6 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,4 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 5 385,6 тонна болып,
99,8 %-ды құрады.
Алынған жұмыртқа 645,7 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
11 541 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 616 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
34,6 пайызға орындалды.
2019 жылы «Қорқыт ата» газ компрессорлық станциясы пайдалануы берілуі себепті 25,0 млрд. теңгеге инвестиция тартылған. 2020 жылдың тиісті кезеңінде ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмауы себепті құрылыс және негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі төмендеген.
Есепте кезеңде 39 999 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /216 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,7%-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.
2020 жылдың 11 айында жұмыс іздеуші ретінде
2 792 адам хабарласып, 1 457 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1 124 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 99 адам, жастар тәжірибесіне 167 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1 516 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
1 222 тұрақты, 294 уақытша жұмыс орындары.
Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 2 523 004 мың теңгеге жоспарланып, нақты 2 855 203 мың теңгеге немесе 113,2%-ға орындалды.
Республикалық бюджетке 470 279 мың теңге /жоспар 390 464 мың теңге, болжамға 120,4%/;
Облыстық бюджетке 748 857 мың теңге /жоспар 663 538 мың теңге, болжамға 112,9 %/;
Аудандық бюджетке 1 636 067 мың теңге /жоспар 1 469 002 мың теңге, болжамға 111,4 %/.
Бюджеттің шығыс бөлігі 23 519 549 мың теңгеге жоспарланса, нақты 23 169 313 мың теңгеге немесе
98,5 пайызға орындалды.
Ауданның 2020 жылдың 10 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімі 13 004 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 106,6 % - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 11 163 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 104,1 %-ды құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 2020 жылдың 6 айында 6 501 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 89,1 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 024 бірлікті құрап, 113 %-ды құрады. Субъектілердің 298-і заңды тұлғалар, 1 477-сі шаруа қожалықтары, 3 249-ы жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары – 4 595 бірлік. Үлесі 91,4 %.
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылдың 6 айында 8 425 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 111,6 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.
Бөлшек сауда көлемі 5 762,1 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 85,6 %-ды құрады.
Карантин кезеңінде азық-түлік дүкендері ғана шектелген уақыт режимімен жұмыс жасап, 6 сауда базары, 23 сауда үйлері және 7 сауда орталықтары жұмыс істеген жоқ. Осының әсерінен бөлшек сауда көлемінің төмендеуі орын алды.
Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 13 602,2 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 100,7 %-ды құрады.
2020 жылы 17 675 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2019 жылы 17 508 га). Оның ішінде дәнді дақылдар – 7 616 гектар, негізгі дақыл күріш – 6 496 гектар, мал азықтық дақылдары – 7 701 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2 250 гектар, майлы дақылдар – 108 гектар.
Мал басында өсім бар.
Ірі қара 39 767 бас немесе 100,5 % /180 басқа көбейген/;
Оның ішінде сиыр 16 407 бас, 100,8 % /125 басқа көбейген/;
Қой 64 853 бас немесе 102,3 % /1 459 басқа көбейген/;
Ешкі 47 944 бас немесе 98,2 % /861 басқа азайған/;
Жылқы 32 651 бас немесе 109 % /2 689 басқа көбейген/;
Түйе 10 948 бас немесе 104,7% /491 басқа көбейген/;
Құс 7 523 бас немесе 100,7 % /56 басқа көбейген/.
Сауылған сиыр сүті 13 366,4 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 4 656,7 тонна болып,
100,2 %-ды құрады.
Алынған жұмыртқа 578 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
11 050 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,3 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 616 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
36,3 пайызға орындалды.
2019 жылы «Қорқыт ата» газ компрессорлық станциясы пайдалануы берілуі себепті 25,0 млрд. теңгеге инвестиция тартылған. 2020 жылдың тиісті кезеңінде ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмауы себепті құрылыс және негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі төмендеген.
Есепте кезеңде 38823 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /207 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 152,4%-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.
2020 жылдың 10 айында жұмыс іздеуші ретінде
2 668 адам хабарласып, 1 390 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1 090 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 99 адам, жастар тәжірибесіне 160 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1 496 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
1 202 тұрақты, 294 уақытша жұмыс орындары.
Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 2 230 672 мың теңгеге жоспарланып, нақты 2 397 127,6 мың теңгеге немесе 107,5%-ға орындалды.
Республикалық бюджетке 360 297 мың теңге /жоспар 358 602 мың теңге, болжамға 105,5%/;
Облыстық бюджетке 641 306 мың теңге /жоспар 597 458 мың теңге, болжамға 107,3 %/;
Аудандық бюджетке 1 395 525 мың теңге /жоспар 1 274 612 мың теңге, болжамға 109,5 %/.
Бюджеттің шығыс бөлігі 21 220 921 мың теңгеге жоспарланса, нақты 21 094 267 мың теңгеге немесе
99,4 пайызға орындалды.
Ауданның 2020 жылдың 9 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімі 11 740 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 108,3 % - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 10 029 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 105,1 %-ды құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 2020 жылдың 3 айында 3 405 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 103,8 %-ды құрады /2020 жылдың 7 айының статистикалық есептілігі шықпаған/.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4 713 бірлікті құрап, 105,9 %-ды құрады. Субъектілердің 296-і заңды тұлғалар, 1223-і шаруа қожалықтары, 3194-і жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары – 4 276 бірлік. Үлесі 90,7 %.
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылдың 3 айында 7 889 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 106,1%-ды құрады /2020 жылдың 7 айының статистикалық есептілігі шықпаған/.
Бөлшек сауда көлемі 5 205,1 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 85,1 %-ды құрады.
Карантин кезеңінде азық-түлік дүкендері ғана шектелген уақыт режимімен жұмыс жасап, 6 сауда базары, 23 сауда үйлері және 7 сауда орталықтары жұмыс істеген жоқ. Осының әсерінен бөлшек сауда көлемінің төмендеуі орын алды.
Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 10 948,9 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 101,6 %-ды құрады.
2020 жылы 17 675 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2019 жылы 17 508 га). Оның ішінде дәнді дақылдар – 7 616 гектар, негізгі дақыл күріш – 6 496 гектар, мал азықтық дақылдары – 7 701 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2 250 гектар, майлы дақылдар – 108 гектар.
Мал басында өсім бар.
Ірі қара 40 598 бас немесе 100,7 % /300 басқа көбейген/;
Оның ішінде сиыр 17 255 бас, 106 % /977 басқа көбейген/;
Қой 65 716 бас немесе 102,4 % /1 518 басқа көбейген/;
Ешкі 48 710 бас немесе 98,3 % /850 басқа азайған/;
Жылқы 34 457 бас немесе 114, % /4 259 басқа көбейген/;
Түйе 10 981 бас немесе 104,8% /506 басқа көбейген/;
Құс 7 588 бас немесе 100,3 % /19 басқа көбейген/.
Сауылған сиыр сүті 10 816 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,3 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 3 506,9 тонна болып,
98,6 %-ды құрады.
Алынған жұмыртқа 460,8 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
9 583 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,5 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 400 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
39,7 пайызға орындалды.
2019 жылдың 9 айында «Қорқыт ата» газ компрессорлық станциясы пайдалануы берілуі себепті 22,5 млрд. теңгеге инвестиция тартылған. 2020 жылдың тиісті кезеңінде ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмауы себепті құрылыс және негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі төмендеген.
Есепте кезеңде 31 763 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /167 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 155,7%-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.
2020 жылдың 9 айында жұмыс іздеуші ретінде
2 355 адам хабарласып, 1095 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1046 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 98 адам, жастар тәжірибесіне 136 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1 436 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
1 142 тұрақты, 294 уақытша жұмыс орындары.
Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 2 081 232 мың теңгеге жоспарланып, нақты 2 185 727,9 мың теңгеге немесе 105%-ға орындалды.
Республикалық бюджетке 310 260 мың теңге /жоспар 358 602 мың теңге, болжамға 86,5%/;
Облыстық бюджетке 574 381 мың теңге /жоспар 533 384 мың теңге, болжамға 107,7 %/;
Аудандық бюджетке 1 301 087 мың теңге /жоспар 1 189 246 мың теңге, болжамға 109,4%/.
Бюджеттің шығыс бөлігі 18 589 736 мың теңгеге жоспарланса, нақты 18 575 955 мың теңгеге немесе
99,9 пайызға орындалды.
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі екі сектордан құралған: фискалдық саясат және бюджеттік жоспарлау секторы, экономикалық саясатты дамыту секторы.
Бөлімнің негізгі атқаратын функциялары - атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары енгізілген ауданның 5 жылға арналған даму жоспарын жасау және үш жылға арналған аудандық бюджетті әзірлеу.
2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 9 айында төмендегі жұмыстар атқарылды.
Экономикалық бағыт бойынша:
2020 жылдың 1 қаңтарына Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтердің төлқұжаттары жинақталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық паспорты дайындалды.
Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және әр ауылдық округ бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайына, 2019 жылы атқарылған, 2020 жылы атқарылатын жұмыстары және проблемалық мәселелері бойынша анықтама әзірленді.
«Ауданның 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы мәселелер аудан әкімдігінің қарауына ұсынылып, тапсырмалар берілді, қаулылар қабылданды.
Қазалы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы кезектен тыс XХХІ сессиясының №235 шешімімен өзгерістер енгізілді.
«Қазалы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №11 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Қазалы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2019 жылы іске асырылуы туралы есебі барлық салалардан жинақталып, аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылды.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі жүргізіліп, талдау жасалып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.
Қазалы ауданының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бірінші және екінші кезеңдері әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын 9 макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақты түрде талдау жасалып, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына ай сайын ұсынылып отыр.
ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімінің 2020 жылға жоспарланған Меморандумында облыс бойынша 22 нысаналы индикатор бар, оның ішінде ауданға қатыстысы 19. Осы нысаналы индикаторлардың орындалуына жауапты мекемелерден мәлімет алынып, талдау жасалып отыр.
Облыс әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы №178 қаулысымен «2020 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс- қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді. Аудан әкімдері жауапты болып бекітілгені 2 тармақ. Сонымен қатар жауапты орындаушылары облыстық басқармалар болып бекітілген. Барлығы 277 тармақты құрайды.
Іс-қимыл жоспарының орындалуы туралы ақпарат ай сайын облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына мерзімінде ұсынылып келеді.
Жыл басынан бері дағдарысқа қарсы штаб отырысы 1 рет өткізіліп, 1 мәселе қаралды. Хаттамалық тапсырмалар берілді.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобаның шеңберінде 2021 жылға Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті, Басықара, Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел, Ақжона, Алға округтері ішінен білім, көлік инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау, сумен қамту салалары бойынша барлық құжаттамалары дайын жобалар тапсырылды.
Жобалық басқару. Аудан әкімінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №188 өкімімен «жобалық кеңсе» жұмыс тобы құрылып, 2018 жылғы 13 наурыздағы №122 өкімімен жұмыс тобы құрамына өзгеріс енгізілді.
2020 жылы облыстық жобалық кеңсеге 9 жоба ұсынылды.
2 жоба Облыстық жобалық кеңсе отырысында қолдау тапты.
Ұсынушы: Аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі
Ағымдағы жылдың 4 наурызында жобалық кеңсенің кезекті отырысында жобаның презентациясы өткізілді.
Ұсынушы: Аудандық ішкі саясат бөлімі
Жастар мен жасөспірімдер арасында тәртіпсіздіктің азаюына, қылмыс жасауларына тосқауыл болуға жұмыстар жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 13 наурызында жобалық кеңсенің кезекті отырысында жобаның презентациясы өткізілді.
6 жоба Облыстық жобалық кеңсесінің алдағы отырысының күн тәртібіне шығарылады.
Еліміздегі күрделі кезеңге байланысты облыстық жобалық кеңсенің жұмыстары тоқтап тұр.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік. Облыс бойынша барлығы 116 жоба тізімге енгізілген, оның ішінде Қазалы ауданынан 8 жоба бар. 8 жобаның 3 бойынша келісім-шарт жасалған. Атап айтқанда:
2018 жылдың 16 ақпанында "Ахат+ГС" ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Қосалқы мердігер (субподрядчик) Қызылорда қаласының "Қуанай" ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 2018 жылғы 20 желтоқсанда пайдалануға берілді.
2018 жылғы 6 желтоқсанда (№14) облыстық денсаулық сақтау басқармасы жеке әріптес "Медтроник" ЖШС-мен келісім-шарт жасады. 7 маман жаңа құрылғымен жұмыс атқаруға оқытылды. 2019 жылғы 10 қаңтардан бастап құрылғы орнатылатын бөлменің қабырғасын бұзып, бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен құрылғыны орнатуға рұқсат, құрылғыны пайдалану үшін лицензия алынды. 15 наурызда Қызылорда қаласынан мамандар келіп, құрылғы орнатылатын орынды көрді. Құрылғымен жұмыс 2019 жылғы 10 қыркүйекте басталды.
Инклюзивті балабақша ашылды. Келісім-шарт 2028 жылға дейін жасалған. 2019 жылдың 14 қаңтарында балабақша халыққа қызмет көрсету орталығына тіркелді. 2019 жылға облыстық бюджеттен 13095 мың теңге,(Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың 2019 жылғы 4қаңтардағы №ИБ-1357 хаты), аудандық бюджеттен 2019 жылға 30702 мың теңге қаралды. Еңбекақы әр айдың 10-на дейін төлененіп отыр.
5 жоба іске асыру сатысында:
2018 жылы бірнеше рет конкурс жарияланды. Ұсыныс білдірген мердігер болған жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта жариялау үшін жобаның конкурстық құжаттарына өзгеріс енгізді. Бүгінгі күнге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сараптамадан өткізу орталығынан сараптама қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы 30 сәуірде жарияланды. Ұсыныс білдірген әріптес болған жоқ. Конкурс екінші рет 2019 жылдың 23 тамызында "Халық ақпарат" газетінде және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Қазақтандық МЖӘ орталығы сайтында жарияланды. Жарияланған мерзімі 1 ай. Ұсыныс білдірген әріптес болған жоқ. Қазан айында конкурс қайта жарияланады.
2018 жылы бірнеше рет конкурс жарияланды. Ұсыныс білдірген мердігер болған жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта жариялау үшін жобаның конкурстық құжаттарына өзгеріс енгізді. Бүгінгі күнге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сараптамадан өткізу орталығынан сараптама қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы 30 сәуірде жарияланды. Ұсыныс білдірген әріптес болған жоқ. Конкурс екінші рет 2019 жылдың 23 тамызында "Халық ақпарат" газетінде және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Қазақтандық МЖӘ орталығы сайтында жарияланды. Жарияланған мерзімі 1 ай. Ұсыныс білдірген әріптес болған жоқ. Қазан айында конкурс қайта жарияланады.
2018 жылы облыстық бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлініп, "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ арқылы бизнес-жоспар әзірленді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы облыстық білім басқармасы арқылы 2019 жылдың 21 ақпанында жарияланды. 21 наурызда конкурс жариялану мерзімі аяқталды. Жұмысты орындауға ұсыныс білдіруші болған жоқ. Қазіргі таңда қызығушылық танытып отырған әріптес болмауы себепті конкурс жарияланып отырған жоқ.
Аудандық орталық аурухананың жылу жүйесінің бу қазандығын газге бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Жобаны ұсынушы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы. Мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілді. Конкурс жеңімпазы "Компания Газстрой" ЖШС болып анықталды. Жұмыс 2020 жылы басталады деп күтіледі.
Жеке кәсіпкер Қ. Әлімбаевтың Әйтеке би кентінде орналасқан 2 қабатты ғимаратын облыстық денешынықтыру спорт басқармасынан мамандар келіп көріп, мақұлдады. Ғимаратты бейімдеу жұмыстары толық аяқталды. Облыста іске асырылатын тізбеге енгізілді. Жеке кәсіпкер жобаның бизнес-жоспарын дайындап, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына тапсырды. Басқармадан жауапты қызметкерлер келіп көріп, толықтырылатын жұмыстар туралы ескертпе жасады. Бүгінгі күнге айтылған ескртпелермен жұмыс жүргізілді. Облыстық спорт және денешынықтыру басқармасынан қызметкерлер келіп көрді. Ендігі кезекте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы арқылы "МЖӘ жобаларына сараптама жасау орталығына" бизнес жоспар сараптама жасауға ұсынылады. Сараптамадан кейін аренда төлемі облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
Бюджеттік жоспарлау бағытында:
Бөлім аудандық бюджеттік комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
2020 жылы қаржыландыруға ұсынылған мәселелерге талдау жасалып, бюджетті нақтылау барысында комиссия қарауына ұсынылды.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен түскен бюджеттік өтінімдердің тиісті заңдылықтарға сәйкестігі қаралып, қорытынды дайындалып, аудандық бюджеттік комиссияға ұсынылып отырды.
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың еңбекақы қорына, жылу шығындарына, коммуналдық төлемдеріне ай сайын және мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемделген қаржыларына тоқсан сайын талдау жүргізіліп, талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар аудандық бюджеттік комиссияның қарауына беріліп отырды.
2020 жылдың 9 айында 19 рет бюджеттік комиссияның отырысы болып, 4 рет бюджетті нақтылау, 6 рет түзету енгізу мәселелері қаралды.
2019 жылға арналған аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес шешім жобалары дайындалып, «Ашық НҚА» порталына, аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастыру, қоғамдастық кеңеске ұсынып, сараптаманың оң қорытындысын алу және мәслихат шешімдері әділет органдарына тіркелгеннен кейін аудан әкімдігінің іске асыру қаулылары әзірленді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттің 4 деңгейі енгізіліп, қала, кент және 2 ауылдық округ әкімдерінің өз дербес бюджеттері енгізілді. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған 17 ауылдық округтердің дербес бюджеттері қалыптастырылды.
Аудандық салық басқармасынан аудан бюджетіне түсірілетін түсімдердің орындалуы туралы мәліметтер алынып, тұрақты түрде талдау жасалды.
Сонымен қатар ай сайын кент, қала және ауылдық округ әкімі аппараттарынан жергілікті (жер, көлік, мүлік) салықтардың түсімі жөнінде мәліметтері жинақталды.
2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет (азаматтық бюджет) және жыл ішінде аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда жергілікті атқарушы органның ресми веб-сайтына орналастырылды.
Жоғары тұрған басқару органдарының тапсырмалары бойынша белгіленген мерзімде айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктер ұсынылды.
Атап айтқанда:
- объектілер бойынша кассалық орындалуы ескеріле отырып, ауданның және қаланың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен берілетін 2020 жылға арналған нысаналы трансферттер туралы ақпарат;
- мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің штат саны мен еңбекақы қоры туралы ақпарат;
Сонымен қатар, 2019 жылы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық коммуналдық кәсіпорындар және темір жол, денсаулық, кәсіпкерлік салалары бойынша 2020 жылдары әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдарды төлеу туралы есептемелері жасалды.
2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімінің көшермелері, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2020-2022 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі, 2020 жылға арналған жергілікті бюджетке жүргізілген нақтылаулардың және түзетулердің саны туралы мәліметтер облыстық басқармаға ұсынылды.
2020 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері 21421,7 млн. теңге болып бекітіліп, 24042,9 млн. теңгеге нақтыланды, 1 қазанға жоспар 16325,4 млн. теңге болса, нақты 16437,3 млн. теңге болып 100,7 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 1558,6 млн. теңге. 9 айдың жоспары 1189,2 млн. теңге болса, нақты 1301,1 млн. теңгеге немесе 109,4 пайызды құрады.
2020 жылға аудан бюджетінің шығындар жоспары 21421,7 млн. теңге болып бекітіліп, 26438,7 млн. теңгені құрады.
Аудан бюджеті 2019 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда 7057,5 млн. теңгеге өсті.
Алдағы уақытта да бөлімге бекітілген жұмыстар, тапсырмалар мен міндеттер уақытылы атқарылып, бақылауда тұрған тиісті құжаттар, қаулылар, шешімдердің орындалуы басты назарда болады.
Ауданның 2020 жылдың 6 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімі 7378 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 103,1 % - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 6192 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 100,7 %-ды құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 2019 жылы 16402 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 100,9%-ды құрады /2020 жылдың 6 айының статистикалық есептілігі шықпаған/.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4448 бірлікті құрап, 103,7 %-ды құрады. Субъектілердің 294-і заңды тұлғалар, 1012-сі шаруа қожалықтары, 3142-сі жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 4285 бірлік. Үлесі 96,3 %.
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2019 жылы 8419 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 109,8%-ды құрады /2020 жылдың 6 айының статистикалық есептілігі шықпаған/.
Бөлшек сауда көлемі 2802,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 68,8%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 3768,1 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 103 %-ды құрады.
Мал басында өсім бар.
Ірі қара 42364 бас немесе 105,4 % /2181 басқа көбейген/;
Оның ішінде сиыр 17091 бас, 105,2 % /848 басқа көбейген/;
Қой 67856 бас немесе 102,2 % /1477 басқа көбейген/;
Ешкі 51645 бас немесе 99 % /515 басқа азайған/;
Жылқы 35060 бас немесе 119,5 % /5709 басқа көбейген/;
Түйе 10985 бас немесе 104,2% /443 басқа көбейген/;
Құс 8063 бас немесе 119,8 % /1331 басқа көбейген/.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
2209 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 966 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
15,3 пайызға орындалды.
Есепте кезеңде 14960 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /86 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,1%-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.
2020 жылдың 6 айында жұмыс іздеуші ретінде
1512 адам хабарласып, 773 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 700 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 83 адам, жастар тәжірибесіне 31 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1183 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
559 тұрақты, 624 уақытша жұмыс орындары.
Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 1 412 322 мың теңгеге жоспарланып, нақты 1 598 365,5 мың теңгеге немесе 113,2%-ға орындалды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 11 825 276 мың теңгеге жоспарланса, нақты 11 814 074 мың теңгеге немесе
99,9 пайызға орындалды.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімі 3663,2 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 96,5 % - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 3058 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 98,7 %-ды құрады.
Тамақ өнеркәсібінде (СПК «Қызылорда балық», «Рза Сүт» ЖШС) өндірген өнім 12,9 %-ға төмендегендіктен өнеркәсіптегі өнім көлемі азайған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 2019 жылы 16402 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 100,9%-ды құрады /2020 жылдың 3 айының статистикалық есептілігі шықпаған/.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4364 бірлікті құрап, 100,7 %-ды құрады. Субъектілердің 288-і заңды тұлғалар, 933-і шаруа қожалықтары, 3143-і жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 4193 бірлік. Үлесі 96,1 %.
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2019 жылы 8419 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 109,8%-ды құрады /2020 жылдың 3 айының статистикалық есептілігі шықпаған/.
Бөлшек сауда көлемі 1768,4 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 100,2%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 1823,4 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 107,3 %-ды құрады.
Мал басында өсім бар.
Ірі қара 37897 бас немесе 100,6 % /226 басқа көбейген/;
Оның ішінде сиыр 16429 бас 103 % /471 басқа көбейген/;
Қой 51369 бас немесе 103,8 % /1888 басқа көбейген/;
Ешкі 38743 бас немесе 98 % /774 басқа азайған/;
Жылқы 30025 бас немесе 112,5 % /3335 басқа көбейген/;
Түйе 9787 бас немесе 105,2 % /486 басқа көбейген/;
Құс 7538 бас немесе 107,2 % /506 басқа көбейген/.
Сауылған сиыр сүті 3474,4 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3 пайыз, ет өндірісінің көлемі /сойыстық салмақпен/ 769,8 тонна болып, 105,1 %-ды құрады.
Алынған жұмыртқа 89,7 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 966 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға орындалды.
2019 жылдың 3 айында «Қорқыт ата» газ компрессорлық станциясы пайдалануы берілуі себепті 22,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. 2020 жылдың тиісті кезеңінде ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмаған.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 306 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,9 пайызға орындалды.
2019 жылдың 3 айында «Қорқыт ата» газ компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. 2020 жылдың 3 айында ондай ірі құрылыс жұмыстары жүргізілмеген.
Есепте кезеңде 9672 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /56 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 138,2%-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.
2020 жылдың 3 айында жұмыс іздеуші ретінде 528 адам хабарласып, 122 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 492 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 54 адам, жастар тәжірибесіне 22 адам жіберілді. Есепті кезеңде 348 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 272 тұрақты, 76 уақытша жұмыс орындары.
Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 508 063,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты 794 480 мың теңгеге немесе 156,4 %-ға орындалды.
Республикалық бюджетке 102 075,5 мың теңге /жоспар 136 483 мың теңге, болжамға 74,8 %/;
Облыстық бюджетке 203 066,8 мың теңге /жоспар 1034 мың теңге, болжамға 196,4 есе/;
Аудандық бюджетке 489 338 мың теңге /жоспар 370 546 мың теңге, болжамға 132,1 %/.
Бюджеттің шығыс бөлігі 4 322 731 мың теңгеге жоспарланса, нақты 4 319 997 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.