
Барлығы 4 кандидат ұсынылған, оның ішінде 1 - саяси партиямен, 3 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
2.1 кандидат ұсынылған кандидаттар тізімінен шығарылды. Бозкөл ауылдық округі әкіміне өзін-өзі кандидат ретінде ұсынған Т.А.Бағдәулеттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтінідігі анықталды.
А.ж. 03 тамыз күнгі сағат 18.00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, оның ішінде 1 - саяси партиямен ұсынылған, 2- өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Арнайы тексеруге 3 кандидаттың құжаттары жіберілді;
Мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.
Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетеніне енгізілді.
Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама АСК интернет-парақшасында және жергілікті баспасөз БАҚ –нда орналастырылған.
5. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.