
2022 жылғы 28 шілдеде Қазалы аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Бозкөл ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Смет Айнұр Амантайқызы
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 14 тамызға тағайындалған Бозкөл ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 16 шілдеден 29 шілдеге дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.