
2022 жылғы 29 шілде күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қазалы ауданы бойынша Бозкөл ауылдық округі әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-уі (25%) – саяси партиядан, 3-уі (75%)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
«AMANAT» партиясы 1 кандидат ұсынды.
Бозкөл ауылдық округі әкіміне өзін-өзі кандидат ретінде ұсынған Т.А.Бағдәулеттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтінідігі анықталды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2022 жылғы 03 тамыз күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.