
Қазалы аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 15 шілдедегі №АСК-42/164 қаулысымен Бозкөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі осы ауылдық округтің шекарасында Бозкөл сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1)-тармақшасына сәйкес Қазалы аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 15 шілдедегі №АСК-43/165 қаулысымен заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Бозкөл ауылдық округінің әкімін төте сайлау 2022 жылғы 14 тамызға тағайындалды.
Бозкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 16 шілдесінен басталады және 2022 жылдың 29 шілдеде, жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2022 жылдың 03 тамызда, жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120400, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №60 («Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі» КММ ғимараты), №26, 27, 28 бөлмелері, телефон/факс: (872438) 22-1-27, 21-3-01 е-mail: kazalisaikom@mail.kz, tic_kzl_kaz@saylau.kz
Қазалы аудандық сайлау комиссиясының құрамы:
|
Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы |
төраға |
|
Иманбаев Қази Кеңесбайұлы |
төрағаның орынбасары |
|
Әбубәкір Мұратбай Қожамұратұлы |
комиссия хатшысы |
|
Жалғасбай Жаппарберген Жақсығұлұлы |
комиссия мүшесі |
|
Жаңбыршиева Хадиша Жәмиқызы |
комиссия мүшесі |
|
Алпысбаев Дархан Төлегенұлы |
комиссия мүшесі |
|
Тоқбаев Ербол Бауыржанұлы |
комиссия мүшесі |