Лого

Меню

Страницы

Статья

Бюджеттің игерілуі бойынша атқарылған жұмыстар

Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2026 жылғы 1 қазанға атқарылуы барысы туралы

         Кірістер

2026 жылғы 1 қазанға аудан бюджетінің кірістер жоспары                                 11 670 518,0 мың теңге болса, нақты 11 772 550,3  мың теңгеге немесе 100,9 пайызға орындалды, оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 3 002 137,5  мың теңге болса, нақты 3 103 301,7 мың теңгеге, яғни 101 164,2 мың теңгеге артық немесе                           103,4 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден                                    8 131 696,8 мың теңге (100 пайыз) трансферттер алынды оның ішінде, субвенция                   5 201 764,0 мың теңге (100,0 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 378 510,7 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 2 551 422,1 мың теңге                        (100 пайыз).

Шығындар

         Аудан бойынша 2026 жылғы 1 қазанға шығындар жоспары                                     11 477 592,2 мың теңге болса, нақты 11 476 109,5 мың теңгеге немесе 100,0  пайызға орындалып, 1482,7 мың теңге қалдықта қалды.

Республикалық бюджеттен 537,5 мың теңге (100,0 пайыз), облыстық бюджеттен 1,9  мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 943,3 мың теңге (100,0 пайыз).

Анықтама 2026 жылдың I жарты жылдық бойынша 

 Кірістер

2026 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің кірістер жоспары  8 845 259,7 мың теңге болса, нақты 8 865 433,4  мың теңгеге немесе 100,2 пайызға орындалды, оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 2 137 261,9  мың теңге болса, нақты 2 209 783,6 мың теңгеге, яғни 72 521,7 мың теңгеге артық немесе 103,4 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден   6 243 516,1 мың теңге (100 пайыз) трансферттер алынды оның ішінде, субвенция   3 888 248,0 мың теңге (100,0 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 247 880,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 2 107 388,0 мың теңге (100 пайыз).

Шығындар

    Аудан бойынша 2026 жылғы 1 шілдеге шығындар жоспары   8 746 437,4 мың теңге болса, нақты 8 745 122,8 мың теңгеге немесе 100,0  пайызға орындалып, 1314,6 мың теңге қалдықта қалды.

Анықтама 2026 жылдың I тоқсаны бойынша 

Кірістер

2026 жылғы 1 сәуірге аудан бюджетінің кірістер жоспары  4 548 181,4 мың теңге болса, нақты 4 375 723,8 мың теңгеге немесе 96,2 пайызға орындалды, оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 1 121 472,7  мың теңге болса, нақты 1 189 565,1 мың теңгеге, яғни 68 092,4 мың теңгеге артық немесе 106,1 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден      3 426 708,7 мың теңге (100 пайыз) трансферттер алынды оның ішінде, субвенция     3 073 586,0 мың теңге (100,0 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 112 572,7 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 240 550,0 мың теңге (0 пайыз).

Шығындар

       Аудан бойынша 2026 жылғы 1 сәуірге шығындар жоспары      4 067 265,6 мың теңге болса, нақты 3 825 588,2 мың теңгеге немесе 94,1  пайызға орындалып, 241 677,4 мың теңге қалдықта қалды.

Қазалы ауданының экономика және қаржы бөлімнің

2025 жылы атқарған жұмыстары туралы

«Ауданның экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 мемлекеттік қызметкер, 12 келісім шарт негізіндегі қызметкерлер жұмыс жасайды.

Бөлім үш сектордан құралған: фискалдық саясат және бюджеттік жоспарлау секторы, әлеуметтік-экономикалық талдау және даму секторы, бюджеттің атқарылуы және коммуналдық меншікті басқару секторы.

Бөлімнің негізгі атқаратын функциялары - атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары енгізілген ауданның 5 жылға арналған даму жоспарын жасау, үш жылға арналған аудандық бюджетті әзірлеу және бюджеттің атқарылуы мен коммуналдық меншігін басқаруды үйлестіру, мемлекеттік сатып алу тәсілдеріне мониторинг жүргізу.

Бөлімнің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыс жоспарына сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылды.

Экономикалық бағыт бойынша:

Ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы мәселелер аудан әкімдігінің қарауына ұсынылды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақты түрде талдау жасалып, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына ай сайын ұсынылды.

2025 жылдың 1 қаңтарына Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтердің төлқұжаттары жинақталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық паспорты әзірленді.

Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерді орындау туралы анықтама әзірленіп аудандық мәслихат пен аудандық Қоғамдастық кеңестің қарауына ұсынылды. 

Облыс және аудан әкімінің халықпен кездесу барысында айтылған ұсыныстарына талдау жұмыстары жүргізілді.

Даму әлеуеті жоғары және төмен ауылдық округтерге талдау  жұмыстары жүргізіліп отырды.

Аудан бойынша жарықтандыру және жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізіліп отырды. 

Аудан бойынша Ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілді. 

«Қазалы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары» әзірленіп, аудандық мәслихатпен бекітілді.

«Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасының Қазалы ауданы бойынша орындалуын ай сайын «АMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалына ұсынылды.

2025 жылы «Қарызсыз қоғам»  жобасы шеңберінде кент, қала және ауылдық округ тұрғындарын оқыту үйлестірілді.

Кент, қала және ауылдық округтердің 2024 жылғы қорытынды мәліметтерінің мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау) ақпараттық жүйесінің өңірдің цифрлық картасына енгізілуі үйлестірілді.

Сонымен бірге, облыстық экономика және қаржы басқармасына төмендегі мәліметтер әзірленіп, ұсынылды:

«Өңірлік саясат жөніндегі жобалық офисін» жүзеге асыру бағытында кент, қала және ауылдық округтер бойынша  жобалар тізбесі;

Қазалы ауданының мәслихатымен бекітілген «Қазалы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары»;

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі есебі;

2025 жылға арналған қала және елді мекендердің өңірлік стандарттар жүйесінің мониторингінің есебі;

2026-2030 жылдарға арналған қала және елді мекендердің өңірлік стандарттар жүйесінің болжамды мониторинг есебі;

«Қазалы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының» болжамды жобасы;

Қазалы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бірінші және екінші кезеңдерінің есебі;

2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысын дамыту жоспарының        2025 жылы іске асырылуы туралы есебі;

Қазалы ауданы бойынша 2025 жылы тартылатын инвестиция көлемінің болжамы;

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы ақпарат;

«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар тізімі.  

Бюджеттік жоспарлау бағытында:

Бөлім аудандық бюджеттік комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

2025-2027 жылдарға аудандық бюджет және қала, кент, ауылдық округтердің дербес бюджеттері бекітілді.

2025 жылғы 7 маусымға дейін 2026-2028 жылдарға арналған бюджет шығыстарының лимиттерін айқындалып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жолданды.

2025 жылдың 20 маусымына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған  бюджеттік сұранымдары қабылданды.

2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қала, кент, ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған қоғамдастықпен келісілген бюджет жобалары қабылданды.

2025 жылдың 1 қазанына дейін 2026-2028 жылдарға арналған аудандық  бюджеттің жобасын әзірлеп аудандық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылды.

2025 жылдың 1 қарашасына дейін 2026-2028 жылдарға арналған аудандық  бюджеттің жобасы аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылды.

2025 жылы 17 рет бюджеттік комиссияның отырысы өткізіліп, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарына сәйкес шешімін табуға тиісті мәселелері қаралды және 2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджеті бекітілді.

2025 жылға арналған аудандық бюджетке 11 рет түзету және 5 рет нақтылау енгізілді оның ішінде, 2025 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бос қалдықтар есебінен республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 2024 жылы нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасын жоғары тұрған бюджеттерге қайтару және жыл ішінде жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген, қайтарылған қаржылар аудан әкімдігінің іске асыру қаулылары негізінде аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен үнемделген қаржылар бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарына сәйкес тиісті шығындарға бағыттау үшін аудандық мәслихаттың сессиясының қарауына ұсынылып, нақтылау жұмыстары жүргізілді.

Аудандық бюджетті нақтылауға байланысты енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 5 рет шешім жобалары дайындалып, аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастыру, қоғамдастық кеңеске ұсынып, сараптаманың оң қорытындысын алу жұмыстары жүргізілді.

2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет (азаматтық бюджет) жергілікті атқарушы органның ресми веб-сайтына орналастырылды.

Аудандық және 4-деңгейлі қала, кент, ауылдық округ бюджеттерінің нақтылау есептері жинақталып республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден берілген нысаналы трансфертердің есебі жасалды.

Сонымен бірге, «Қазалы ауданы бойынша салық базасын ұлғайту жөніндегі жұмысшы тобы жанынан кәсіпкерлерге салықтандыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жеңілдетілген несие және субсидия алушылардың салық түсімдерін анықтау мақсатында 4 (төрт) бағытта жұмыс жасайтын жұмысшы топтары құрылды.

Кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне қосымша кіріс көзін анықтау бойынша іс-шара жоспары бекітіліп, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сырт өңірлерде жүрген жерлес кәсіпкерлерді жергілікті жерге тіркету жұмыстары жасалды. Салық базасын ұлғайтуға байланысты апта сайын атқарылған жұмыстар туралы қорытынды жиналыстар өткізіліп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

Салық түсімін арттыруға бағытталған жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы мәліметтер (7-кесте) күнделікті облыстық экономика және қаржы басқармасына жолданып отырды.

Аудандық қазынашылық басқармасынан аудан бюджетіне түсірілетін түсімдердің орындалуы туралы мәліметтер алынып, өз кірістерінің ай сайынғы жоспардың дұрыс қойылуына және жоспардың орындалуына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың еңбекақы қорының қозғалысы туралы есептері жасалып, жылу шығындарына, коммуналдық төлемдеріне талдау жасалды.

Тоқсан сайын аудандық бюджетті нақтылауға байланысты мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемделген қаржылары жинақталды.

Жоғары тұрған басқару органдарының тапсырмалары бойынша белгіленген мерзімде айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктер ұсынылды. 

Атап айтқанда:    

- объектілер бойынша кассалық орындалуы ескеріле отырып, ауданның және қаланың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен берілетін 2025 жылға арналған нысаналы трансферттер туралы ақпарат;

- мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің штат саны мен еңбекақы қоры туралы ақпарат;

Сонымен қатар, 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімінің көшірмелері, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2025-2027 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі, 2025 жылға арналған жергілікті бюджетке жүргізілген нақтылаулардың және түзетулердің саны туралы мәліметтер облыстық басқармаға ұсынылды.

2025 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері 18 923,7 млн. теңге болып бекітіліп, 21 367,9 млн. теңгеге нақтыланды орындалуы 21 598,4 млн. теңгеге немесе 101,1 пайызға орындалды. Оның ішінде, өз кірістеріміздің нақтыланған жоспары 4 065,2 млн. теңге болса, нақты 4 494,0 млн. теңгеге орындалды (110,5%), бекітілген бюджеттен 1 370,8 млн. теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді.

2025 жылға аудан бюджетінің шығындар жоспары 18 923,7 млн. теңге болып бекітіліп, 21 567,0 млн. теңгені құрады. Нақты орындалуы 21 496,0 млн.  теңге болып 99,7 пайызға орындалды.

Жалпы 2025 жылы аудан бюджеті жыл соңына 2 643,4 млн. теңгеге артып, 14,0 пайызға ұлғайды.

Бюджеттің атқарылуы бағытында: 

2025 жылға ай сайын аудан бюджетін атқарылу бойынша мониторингтеу жұмыстары жүргізілді және «е-Қаржымині жүйесіне» аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп қалыптастырылды.

Аудан бюджетінің есеп деректерінің салыстыру  актісі ай сайын жасалып, қазынашылық басқармасына ұсынылды.

Бағдарлама әкімшілерінің қаржылық жеке жоспарындағы әр айдағы қаражатты толығымен игеру мақсатында талдау жұмыстары жүргізілді.

Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы, нысаналы даму транферттерінің орындалуы туралы есеп ай сайын облыстық экономика және қаржы басқармасына ұсынылды.

Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есептер ай сайын (қазақ, орыс тілдерінде) аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастырылды.

Аудан бойынша бюджеттің атқарылуының кіріс және шығыс бөлігіне тоқсан сайын талдамалық есептілік жасалып, облыстық экономика және қаржы басқармасына ұсынылды.

Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 19 тамыздағы №556 бұйрығына сәйкес аудан бойынша «Бірыңғай бұлтты бухгалтерия» пилоттық жобасы бойынша 2026 жылға жұмыстар жасалып, қажетті қаржыға бюджеттік сұраным тапсырылды.

Қаржы министрлігінің тапсырмасына сәйкес бухгалтерлік деректерді бірыңғай деректер қоймасына енгізуге барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен бағынысты мекемелері тіркелді.

Жылдық және жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен белгіленген мерзімде қабылданып, «е-Қаржымині» жүйесіне енгізілді.

2025 жылға бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен тоқсан сайын дебиторлық, кредиторлық берешектер туралы есептелік белгіленген мерзімде жинақталып, көрсетілген мерзімде «е-Қаржымині» жүйесіне орналастырылды.

Желі, штаттар, контигенттер туралы мәліметтерді бекітілген нұсқаулыққа сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен есептелігі жинақталып, облыстық экономика және қаржы басқармасына ұсынылды.

2025 жылдың 20 наурызына дейін аудан бюджетінің атқарылуы бойынша 2024 жылдың жылдық есебі Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылды.

2025 жылдың 1 сәуіріне дейін аудан бюджетінің атқарылуы бойынша 2024 жылдың жылдық есебі Қазалы аудандық мәслихатына ұсынылды.

Аудан бойынша тиісті бағдарлама әкімшілерінің жобалар бойынша (күрделі салымдар) бөліндісін және қаржының орындалғаны туралы мәліметтер аудан әкіміне ұсынылды. 

Ауданның коммуналдық меншігі бойынша:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
 1 наурыздағы Заңының 10 бабына және бөлімнің бекітілген Ережесіне сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұсыныстары негізінде бөлім арқылы 2025 жылы барлығы 20 бұйрық шығарылып, аудандық коммуналдық мүліктер заңды тұлғаларға бекітіліп берілді.

Қазалы ауданының коммуналдық мүлік деңгейінен республикалық меншікке  1 нысан өткізілсе, облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне 4 нысан өткізілді.

Облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне 11 жылжыйтын және жылжымайтын  мүліктер қабылданды.

Сонымен қатар, аудан бойынша 5 заңды тұлғаға мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі тозығы жеткен мүліктеріне бөлім тарапынан есептен шығаруға келісім берілді.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы мүліктерге түгендеу жүргізіліп, түгендеу нәтижесінде коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы 2 иесіз мүлік (ескерткіштер-3 дана) сотқа талап арыз беріліп, аудандық коммуналдық меншікке алынды және 2026 жылы құжаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Аудандық коммуналдық мүлік деңгейіндегі тұрғын үй емес жайларды жалдауға (жалға алуға) беруге 1 рет хабарландыру беріліп, келісім шарт жасалды.

Ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктерді сенімгерлік беру бойынша Әйтеке би кентіндегі, Ақтан батыр және Абай елді мекендерінде жүргізілген орамішілік газ желілері «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамына 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді.

Сондай-ақ, «Қазалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Әйтеке би кенті, «Ақөзек» учаскесіндегі орналасқан электр желілері және «Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Әйтеке би кенті, «Ақөзек» учаскесіндегі орналасқан сыртқы инженерлік желілері (насос станциясы мен тарату құбыры) «РЗА» акционерлік қоғамына сенімгерлік басқаруға берілді.

«Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Әйтеке би кенті, Ж.Аймауытов көшесі №66 мекен жайда орналасқан бұрынғы мұражай ғимараты «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы» қоғамдық қорына 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді. 

Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру (аукцион) бойынша 2 мүлік электронды сауда-саттыққа шығарылып, нәтижесінде аудандық бюджетке 437,1 мың теңге түскен. 

2025 жылы мемлекет пайдасына сот шешімімен тәркіленген мүлікті мемлекеттік меншікке айналдырылған алкоголь өнімдері барлығы 641 дана және темекі бұйымдары барлығы 510 дана өнімдерін жою жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 4-денгейдің коммуналдық меншігіндегі 2 бос ғимарат электронды сауда-саттық (аукцион) арқылы сатылып, өз бюджеттеріне 1000,0 мың теңге түсім түсті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша: 

2025 жылы Қазалы ауданы бойынша 59 тапсырыс берушілердің жылдық жоспары 20,7 млрд. теңгенің 4 088 мемлекеттік сатып алуды құрады.

Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен бағынысты мекемелерде 59 тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу порталына өтінімдер орналастырды.

Тапсырыс берушілермен 2025 жылға жоспарланған 4 088 (20,7 млрд.) сатып алудың 2 555-і (1,6 млрд. тг, 62,5%) тауарға, 473-і (18,0 млрд. тг, 11,5%) жұмыстарға, 1 060-ы (1,1 млрд. тг, 25,9%) көрсетілетін қызметтерге тиесілі болды.

Мемлекеттік сатып алулардың жоспары өз кезегінде төмендегідей сатып алулардың тәсілдерімен жүргізілді. Атап айтқанда:

ашық конкурс- 1,9 млрд.теңге, 158 сатып алу;

рейтингтік-балдық жүйе-15,9 млрд.теңге, 103 сатып алу;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 113,4 млн теңге, 14 сатып алу;

негіздемелік келісім пайдаланатын конкурс-11,9 млн.теңге, 13 сатып алу; 

баға ұсыныстарын сұрату – 531,1 млн. теңге, 2198 сатып алу;

электрондық дүкен -224,3 млн.теңге, 977 сатып алу;

бір көзден алу -834,8 млн.теңге, 545 сатып алу;

тұрғын үй -1,2 млрд.теңге, 80 сатып алу;

2026 жылға Қазалы ауданы бойынша 62 бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен мемлекеттік сатып алуларының алдын ала жылдық жоспарларын бекітіп, мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазалы ауданы әкімінің аппараты, дербес бөлімдер, кент, қала және ауылдық округ әкімі аппараттары және оларға қарасты мекемелер (клубтар) веб-портал арқылы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына ашық конкурс тәсілі бойынша  57,9 млн.теңгеге 72 өтінімдер беріліп, жарияланды.  

Жалпы бүгінгі күнге барлығы 5,9 млрд.теңгеге 2059 сатып алулардың жоспарлары веб-порталға орналастырылып, нәтижесінде 158 сатып алу жарияланып (81,7 млн теңге), қалған 1 901 сатып алу жоспарлары веб-порталда қаралуда.

Алдағы уақытта да бөлімге бекітілген жұмыстар, тапсырмалар мен міндеттер уақытылы атқарылып, бақылауда тұрған тиісті құжаттар, қаулылар, шешімдердің орындалуы басты назарда болады.

Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2025 жылғы 1 шілдеге атқарылу барысы туралы

Кірістер

2025 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 8 288 049,3 мың теңге болса, нақты 8 280 492,3 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 8 403 849,6 мың теңге нақты   8 417 597,3  мың теңгеге, яғни 13 747,7 мың теңгеге артық немесе 100,1 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 5 914 025,1 мың теңге (98,1 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде, субвенция 3 182 738,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттері 1 107 432,6 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 1 713 854,5 мың теңге (93,7 пайыз).

 Шығындар

 Аудан бойынша 2025 жылдың 1 шілдесіне барлық шығындар жоспары 8 221 827,4 мың теңге болса, нақты 8 105 391,8 мың теңгеге немесе 98,6  пайызға орындалып, 116 435,6 мың теңге қалдықта қалған.

Республикалық бюджеттен 340,9 мың теңге (99,9 пайыз), Ұлттық қор 114 951,4 мың теңге (87,6 пайыз) облыстық бюджеттен 2,5 мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 1140,8 мың теңге (100 пайыз).

Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2025 жылғы Iтоқсаны бойынша атқарылған мәлімет                             

Кірістер Кірістер

2025 жылдың 1 сәуірге аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 3 614 268,8 мың теңге болса, нақты 3 427 207,1 мың теңгеге немесе 94,8 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  1 046 916,3 мың теңге   1 154 895,6  мың теңгеге, яғни 107 979,3 мың теңгеге артық немесе 110,3 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 2272311,5 мың теңге (100,0 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде, субвенция 1454924,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттері 484068,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 333319,5 мың теңге (53 пайыз).

 Шығындар

         Аудан бойынша 2025 жылдың 1 сәуіріне барлық шығындар жоспары                             3 412 723,9 мың теңге болса, нақты 3 356 531,6 мың теңгеге немесе                    98,4  пайызға орындалып, 56 192,3 мың теңге қалдықта қалған.

Республикалық бюджеттен 55 080,9 мың теңге (51,6 пайыз), облыстық бюджеттен 0,1 мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 1 110 мың теңге (100 пайыз). 

Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2025 жылғы                                      1 қаңтарына атқарылу барысы туралы

Кірістер

2025 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 16053950,7 мың теңге болса, нақты 16231823,4 мың теңгеге немесе 101,1 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  3328610,0 мың теңге  3506482,7  мың теңгеге, яғни 177872,7 мың теңгеге артық немесе 105,3 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 11283849,4 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды. Оның ішінде субвенция 5968617,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 5897904,5 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттері 858819,2 мың теңге (100 пайыз).

Шығындар

         Аудан бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарына барлық шығындар жоспары 18962632,3 мың теңге болса, нақты 18956444,5 мың теңгеге немесе 100,0  пайызға орындалып, 6187,8 мың теңге қалдықта қалған.

 Оның ішінде: Республикасылық бюджеттен 60,8 мың теңге (100,0 пайыз), ұлттық қордан 0,9 мың теңге (100,0 пайыз), облыстық бюджеттен 373,0 мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 5753,1 мың теңге                 (100,0 пайыз).

Анықтама (2024 жылдың ІI тоқсаны бойынша)

Кірістер

2024 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 5204844,6 мың теңге болса, нақты 5325166,2 мың теңгеге немесе                    102,3 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  1656713,6 мың теңге  1777035,2  мың теңгеге, яғни 120321,6 мың теңгеге артық немесе 107,3 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 3548131,0 мың теңге (100,0 пайыз) трансферттер алынды. Оның ішінде субвенция 2971335,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттері 149926,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 426870,0 мың теңге.

Шығындар

         Аудан бойынша 2024 жылдың 1 шілдесіне барлық шығындар жоспары 480025,3 мың теңге болса, нақты 4799708,5 мың теңгеге немесе 100,0  пайызға орындалып, 316,8 мың теңге қалдықта қалған.

 Оның ішінде: Республикасылық бюджеттен 37,1 (100,0 пайыз), облыстық бюджеттен 0,4 мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 279,3 мың теңге (100,0 пайыз).

Анықтама (2024 жылдың І тоқсаны бойынша)

Кірістер

2024 жылдың бірінші тоқсанына аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 3134736,0 мың теңге болса, нақты 3204314,6 мың теңгеге немесе 102,2 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 1090040,0 мың теңге 1159618,6 мың теңгеге, яғни 69578,6 мың теңгеге артық немесе 106,4 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 2044696,0 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды. Оның ішінде субвенция 1845864,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 143226,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттері 55606,0 мың теңге (100 пайыз).

Шығындар

Аудан бойынша 2024 жылдың бірінші тоқсанына барлық шығындар жоспары 2808562,0 мың теңге болса, нақты 2807315,1 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалып, 1246,9 мың теңге қалдықта қалған.

Оның ішінде: Республикасылық бюджеттен 80,3 (100,0 пайыз), облыстық бюджеттен 1,6 мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 1165,0 мың теңге (100,0 пайыз).

Анықтама (2023 жылдың ІV тоқсаны бойынша)

Кірістер

2024 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 13428630,5 мың теңге болса, нақты 13597286,8 мың теңгеге немесе 101,3 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  2446603,8 мың теңге  2615260,1  мың теңгеге, яғни 168656,3 мың теңгеге артық немесе 106,9 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 10982026,7 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды. Оның ішінде субвенция 5405948,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 2697428,9 мың теңге (100,0 пайыз), нысаналы даму трансферттері 2878649,8 мың теңге (100 пайыз).

Шығындар

Аудан бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына барлық шығындар жоспары 14305306,5 мың теңге болса, нақты 14291753,8 мың теңгеге немесе 99,9  пайызға орындалып, 13552,7 мың теңге қалдықта қалған.

 Оның ішінде:Ұлттық қор қаржысы 40,1 мың теңге (100,0 пайыз), облыстық бюджеттен 350,1 мың теңге (100,0 пайыз), жергілікті бюджеттен 13162,5 мың теңге (99,9 пайыз). 

Анықтама (2023 жылдың І тоқсаны бойынша)

Кірістер

2023 жылдың 1 сәуіріне аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 1738660,5 мың теңге болса, нақты 1796237,7 мың теңгеге немесе 103,3 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  512201,5 мың теңге  569778,7  мың теңгеге, яғни 57577,2 мың теңгеге артық немесе 111,2 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 1226459,0 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды. оның ішінде субвенция 1137459,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 89000,0 мың теңге (100 пайыз).

Шығындар

         Аудан бойынша 2023 жылдың 1 сәуіріне барлық шығындар жоспары 1523571,5 мың теңге болса, нақты 1523032,3 мың теңгеге немесе 100,0  пайызға орындалып, 539,2 мың теңге  жергілікті бюджеттен дербес бөлімдер мен кент,қала, ауылдық округтерден  әр түрлі бағдарламалардан ағымдағы шығындардан үнемделіп, қалдықта қалған.

Анықтама (2022 жыл бойынша)

Кірістер

2023 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 22464605,3 мың теңге болса, нақты 22554410,6 мың теңгеге немесе 100,4 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  1995516,0 мың теңге  2085321,3  мың теңгеге, яғни 89805,3 мың теңгеге артық немесе 104,5 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 20469089,3 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде субвенция  14413493,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 4271298,4 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 1784297,9 мың теңге (100 пайыз).

 Шығындар

         Аудан бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына барлық шығындар жоспары               23622393,6 мың теңге болса, нақты 23535924,6 мың теңгеге немесе 99,6  пайызға орындалып, 86468,9 мың теңге  қаражат қалдықта қалған.

           Оның ішінде: республикалық бюджеттен 7235,0 мың теңге  (99,3 пайыз), ұлттық қор қаржысы 12860,7 мың теңге  (99,6 пайыз),  ҚР Үкіметінің резервінен 0,0 мың теңге (100,0 пайыз), облыстық бюджеттен 12978,2 мың теңге (99,4 пайыз), жергілікті бюджеттен 53395,0 мың теңге (99,7 пайыз)

Анықтама (2022 жылдың ІІ тоқсаны)

Кірістер

2022 жылдың 1 шілдесіне  аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 10163241,6 мың теңге болса, нақты 10349577,9 мың теңгеге немесе 101,8 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  856841,6  мың теңге  1016726,3 мың теңгеге, яғни 159884,7 мың теңгеге артық немесе   118,6 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 9265016,0 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде субвенция  7419560,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 1230842,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 614614,0 мың теңге (100 пайыз).

Шығындар

Аудан бойынша 2022 жылдың 1 шілдесіне барлық шығындар жоспары 10621785,2 мың теңге болса, нақты 10618571,4 мың теңгеге немесе 100,0  пайызға орындалып, 3214,0 мың теңге  қаражат қалдықта қалған.

Оның ішінде: республикалық бюджеттен 318,6 мың теңге  (99,9 пайыз), ұлттық қор қаржысы 333,3 мың теңге  (100,0 пайыз),   облыстық бюджеттен 461,0 мың теңге (99,9 пайыз), жергілікті бюджеттен 2101,1 мың теңге (100,0 пайыз)

Анықтама (2022 жылдың І тоқсаны)

Кірістер

2022 жылдың 1 сәуіріне  аудан бюджетінің барлық түзетілген түсімдер болжамы 4887965,0 мың теңге болса, нақты 4984580,9 мың теңгеге немесе 102,0 пайызға орындалып, оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы  372046,0  мың теңге  470064,9 мың теңгеге, яғни 98018,9  мың теңгеге артық немесе 126,3 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде  республикалық және облыстық бюджеттерден 4108509,0 мың теңге осы күнге (100,0 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде субвенция  3776962,0  мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 269547,0 мың теңге (99,7 пайыз), нысаналы даму трансферттері 62000,0 мың теңге (100 пайыз).

Шығындар

Аудан бойынша 2022 жылдың 1 сәуіріне  барлық шығындар жоспары           4695874,8мың теңге болса, нақты 4693037,7 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалып, 2837,1  мың теңге қаражат қалдықта тұр.

Оның ішінде: республикалық бюджеттен 602,3 мың теңге (99,7 пайыз), ұлттық қор қаржысы 0,0  мың теңге (100,0 пайыз),   облыстық бюджеттен 359,9 мың теңге(99,7 пайыз), жергілікті бюджеттен 1877,9 мың теңге (100,0 пайыз)

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
12 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  
Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы