
Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімімен 2022 жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2022 жылы 5 млрд. 277 млн теңгені құрайтын 3902 сатып алу жоспарланған.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 335 млн. 391 мың теңге құрайтын 2110 сатып алу өткізілді (403 көрсетілетін қызмет, 125 орындалатын жұмыс және 1582 тауар сатып алу).
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 583 млн. 569 мың теңгеге 1 555 сатып алу жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 12 айлығында мемлекеттік сатып алу бөлімімен 2 млрд 130 млн 386 мың теңгені құрайтын 180 мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Нәтижесінде 155 млн 897 мың теңге бюджет қаржысы үнемделді (РБ - 41 млн 671 мың, ОБ - 44 млн 120 мың, АБ - 69 млн 254 мың теңге). Оның ішінде:
- Ашық конкурс тәсілімен 2 млрд 23 млн 850 мың теңгені құрайтын 155 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 147 млн 496 мың теңге. бюджет қаржысы үнемделген;
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы - 45 млн 90 мың теңгені құрайтын 9 конкурс өткізіліп, 8 млн 386 мың теңге. қаржы үнемделді;
- Біліктілігін алдын-ала іріктеу тәсілі арқылы жалпы 6 млн 102 мың теңгеге 19 мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылды.
- Тұрғын үй-жайды сатып алу бойынша 31 млн 607 мың теңге құрайтын 2 сатып алу өткізілді.
- Рейтингтік-балдық жүйе пайдалынылған 23 млн 809 мың теңгені құрайтын 5 мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды.
Бөлім қызметкерлерінің кураторлық шеңберінде жалпы құны 21 млн. теңгені құрайтын 4 мемлекеттік сатып алудан 6 млн 695 мың теңге үнемделді.
Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты барлық тапсырыс берушілердің орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер, сатып алынған тауарлардың қабылдау актілері бойынша жалпы суммасы 4 млрд 387 млн 793 мың теңгені құраса, ел ішіндегі құндылық үлесі - 3 млрд 486 млн 419 мың теңгені, яғни 80 пайызды құрады.
Өткен жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік аудит департаментінің нұсқамасымен тоқтатылған (отменено) сатып алулардың саны 2021 жылмен салыстырғанда 6 - дан 3 - ке немесе 50% пайызға азайған.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында конкурс комиссиясының әрекетіне әлеуетті өнім берушілер тарапынан 23 мемлекеттік сатып алуға (ашық конкурысқа 22 шағым, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алуға 14 шағы келген.) 36 шағым түсіп, 3-і толық қанағаттандырылса, 14-і ішінара қанағаттандырылған, 19-қанағаттандырусыз қалдырылған. Аталған көрсеткіш өткен жылғы келіп түскен (55-139) шағымдармен салыстырғанда 75 пайызға азайған.
Мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтардың алдын-алу және болдырмау мақсатында мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.
Тапсырыс берушілердің сатып алуға жауапты мамандардың қатысуымен 7 семинар кеңес, 3 құқықтық оқыту, 3 дөңгелек үстел, 3 онлайн вебинар, 20 әдістемелік көмек құралдары және әрбір ұйымдарда кездесулер өткізілді.
Есепті мерзімде облыстық біліктілік арттыру орталығындағы ақылы негізде 20 маман арнайы ұйымдарда 18 сағаттық практикалық семинарларға қатысып сертификаттармен табысталды.
Мемлекеттік сатып алу саласында атқарылған жұмыстар және өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) тұрақты жариялануда.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тоқсан сайын тұрақты жарияланып келеді.
Бөлім қызметкерлері және тапсырыс беруші мекемелердің жауапты мамандары арасында кері байланыс орнатылған. Электронды нұсқада, байланыс құралдары арқылы түрлі деңгейдегі сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 160 тұлға бөлімнің арнайы тіркеу журналына тіркеліп, қызметкерлер көмегіне жүгінген. Заңға және Қағидаға сілтеме жасау арқылы техникалық түрде көмек көрсетіліп, орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруге ықпал жасалынды.
Бөлінген қаржыны жылдық жоспарға енгізу мерзімін тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту бойынша тиісті хат жолданып, нәтижесінде Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілер толығымен Заңда көрсетілген мерзімде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітті.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік сатып алу Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазалы ауданы аумағында орналасқан тапсырыс берушілер үшін (жанар-жағар май, байланыс және интернет желілері) 6 негіздемелік келісімнің бірінші кезеңі өткізілді. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімі аппараты басшысының қолымен ескертіліп, екінші кезеңде жүзеге асыру үшін қажетті қадамдық іс-шара жоспары ұсынылды.
Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімімен 2022 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2022 жылы 5 млрд. 293 млн теңгені құрайтын 3794 сатып алу жоспарланған. Бөлім қызметкерлерімен бекітілген жоспар бойынша мемлекеттік сатып алулардың уақытылы жариялануына мониторинг жасалынып, тапсырыс берушілердің Заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізуіне қадағалау орнатылған.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 317 млн. 415 мың теңге құрайтын 2059 сатып алу, оның ішінде 358 көрсетілетін қызмет, 109 орындалатын жұмыс және 1580 тауар сатып алу жүзеге асырылуы көзделген.
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 578 млн. 893 мың теңге жоспарланған 1 539 сатып алуды құрамына қарай талдасақ: 771 көрсетілетін қызмет - 335 млн. 792 мың теңге, 192 орындалатын жұмыс - 205 млн. 579 мың теңге, 576 тауар - 37 млн. 521 мың теңгеге сатып алынатын болады.
Сонымен қатар, 2022 жылы жалпы құны 45 млн 90 мың теңге құрайтын 9 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүргізу жылдық жоспарға енгізілген.
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік сатып алу бөлімімен 2 млрд 68 млн 42 мың теңгені құрайтын 143 мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Нәтижесінде 152 млн 189 мың теңге бюджет қаржысы үнемделді. Оның ішінде:
- Ашық конкурс тәсілімен 2 млрд 16 млн 850 мың теңгені құрайтын 115 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 143 млн 803 мың теңге бюджет қаржысы үнемделген;
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы - 45 млн 90 мың теңгені құрайтын 9 конкурс өткізіліп, 8 млн 386 мың теңге қаржы үнемделді;
- Біліктілігін алдын-ала іріктеу тәсілі арқылы жалпы 6 млн 102 мың теңгеге 19 мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылды.
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы ашық конкурс тәсілімен 22 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жалпы сомасы 2 млрд 646 млн. теңге. Үнемделген қаржы 301 млн 546 мың теңге.
Бөлім қызметкерлерінің кураторлық шеңберінде жалпы құны 21 млн. теңгені құрайтын 4 мемлекеттік сатып алудан 6 млн 695 мың теңге үнемделді.
Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты барлық тапсырыс берушілердің орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер, сатып алынған тауарлардың қабылдау актілері бойынша жергілікті қамту үлесіне бөлім тарапынан мемлекеттік сатып алудың электронды веб-порталында жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2022 жылғы 9 айлығында келесідей көрсеткіштерді құрады.
- Сатып алынған тауарлардың жалпы суммасы 86 млн 362 мың теңгені құрады. Жергілікті қамту үлесі - 44 млн 359 мың теңгеге (51,36 пайыз) тең.
- Орындалған жұмыстардың суммасы - 1 млрд 707 млн 864 мың теңге болса, жергілікті қамту үлесі - 1 млрд 62 млн 174 мың теңге (62,19 пайыз).
- Көрсетілген қызметтер бойынша жергілікті қамту үлесі - 71 пайыз. 120 млн 268 мың теңгенің 85 млн 383 мың теңгесі отандық өнім өндірушілердің үлесінде.
Сатып алынған барлық тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің жалпы суммасы - 1 млрд 914 млн 495 мың теңгені құраса, жергілікті қамтудың үлесі - 1 млрд 191 млн 917 мың теңгені (62,26 пайызды) құрады.
2022 жылы аудан тапсырыс берушілеріне мемлекеттік сатып алу процесстері кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу, мамандардың біліктіліктерін арттыру және Заңға енгізілген өзгерістерді талқылау мақсатында 13 семинар ұйымдастырылып, күнделікті жұмыста қажетті 20 әдістемелік көмек құралдары жолданды. Семинарларға тапсырыс берушілердің басшылары мен мемлекеттік сатып алуға жауапты 150-ге жуық мамандар қатыстырылды. Сондай-ақ, облыстық біліктілік арттыру орталығында ақылы негізде 4 маман арнайы ұйымдарда 18 сағаттық практикалық семинарларға қатысып сертификаттармен марапатталды.
Мемлекеттік сатып алу саласында атқарылған жұмыстар және өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) тұрақты жариялануда. Фейсбук әлеуметтік желісінде "Сатып алудың өзекті мәселелері" атты тобы құрылған. Мұнда тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары тіркеліп, заңнамадағы өзгерістер тікелей эфирде талқыланады. Тапсырыс берушілер тарапынан сатып алуға қатысты сұрақтарына уақытылы жауап қайтарылады.
Бөлім қызметкерлері және тапсырыс беруші мекемелердің жауапты мамандары арасында кері байланыс орнатылған. Электронды нұсқада, байланыс құралдары арқылы түрлі деңгейдегі сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 131 тұлға бөлімнің арнайы тіркеу журналына тіркеліп, қызметкерлер көмегіне жүгінген. Заңға және Қағидаға сілтеме жасау арқылы техникалық түрде көмек көрсетіліп, орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруге ықпал жасалынды.
Қазалы ауданы бойынша 2022 жылдың 6 айлығында атқырылған жұмыстар туралы анықтама
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2022 жылы 4 млрд. 818 млн теңгені құрайтын 2902 сатып алу жоспарланған. Бөлім қызметкерлерімен бекітілген жоспар бойынша мемлекеттік сатып алулардың уақытылы жариялануына мониторинг жасалынып, тапсырыс берушілердің Заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізуіне қадағалау орнатылған.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 204 млн. 658 мың теңге құрайтын 1225 сатып алу, оның ішінде 217 көрсетілетін қызмет, 71 орындалатын жұмыс және 937 тауар сатып алу жүзеге асырылуы көзделген.
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 529 млн. 556 мың теңге жоспарланған 1 490 сатып алуды құрамына қарай талдасақ: 728 көрсетілетін қызмет - 321 млн. 504 мың теңге, 184 орындалатын жұмыс - 181 млн. 455 мың теңге, 578 тауар - 26 млн. 596 мың теңгеге сатып алынатын болады.
Сонымен қатар, 2022 жылы жалпы құны 45 млн 797 мың теңге құрайтын 8 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, электронды дүкен арқылы 34 сатып алу жүргізу жылдық жоспарға енгізілген.
Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік сатып алу бөлімімен 1 млрд 939 млн 631 мың теңгені құрайтын 98 мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Нәтижесінде 142 млн 210 мың теңге бюджет қаржысы үнемделді.Оның ішінде:
- Ашық конкурс тәсілімен 1 млрд 896 млн 808 мың теңгені құрайтын 90 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 93 млн 558 мың теңге бюджет қаржысы үнемделген;
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы - 42 млн 823 мың теңгені құрайтын 7 конкурс өткізіліп, 7 млн 887 мың теңге қаржы үнемделді;
- Біліктілігін алдын-ала іріктеу тәсілі арқылы жалпы 7 млн 286 мың теңгеге 23 мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылды.
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы ашық конкурс тәсілімен 25 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жалпы сомасы 6 млрд 651 млн. теңге. Үнемделген қаржы 241 млн 835 мың теңге.
Бөлім қызметкерлерінің кураторлық шеңберінде жалпы құны 21 млн. теңгені құрайтын 4 мемлекеттік сатып алудан 6 млн 695 мың теңге үнемделді.
Мемлекеттік сатып алу бөлімімен жарияланған 21 мемлекеттік сатып алудың қорытындылар туралы хаттамасымен келіспеген әлеуетті өнім берушілерден 34 шағым келтірілді. 3 шағым толығымен қанағаттандырылса, 14 шағым ішінара қанағаттандырылған. 17 шағым қанағаттандырудан бас тартылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ІІ тоқсаны бойынша қорытындыға сәйкес, Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілермен орындалған келісім-шарттардың соммасы 381 млн 388 мың теңгені құрады. Ал, жергілікті қамту үлесі 245 млн 157 мың теңгеге, 64,28 пайызға тең.
2022 жылы аудан тапсырыс берушілеріне мемлекеттік сатып алу процесстері кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу, мамандардың біліктіліктерін арттыру және Заңға енгізілген өзгерістерді талқылау мақсатында 5 семинар ұйымдастырылып, күнделікті жұмыста қажетті 14 әдістемелік көмек құралдары жолданды. Семинарларға тапсырыс берушілердің басшылары мен мемлекеттік сатып алуға жауапты 44-қа жуық мамандар қатыстырылды. Сондай-ақ, облыстық біліктілік арттыру орталығында ақылы негізде 4 маман арнайы ұйымдарда 18 сағаттық практикалық семинарларға қатысып сертификаттармен марапатталды.
Мемлекеттік сатып алу саласында атқарылған жұмыстар және өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) тұрақты жариялануда. Фейсбук әлеуметтік желісінде "Сатып алудың өзекті мәселелері" атты тобы құрылған. Мұнда тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары тіркеліп, заңнамадағы өзгерістер тікелей эфирде талқыланады. Тапсырыс берушілер тарапынан сатып алуға қатысты сұрақтарына уақытылы жауап қайтарылады.
Бөлім қызметкерлері және тапсырыс беруші мекемелердің жауапты мамандары арасында кері байланыс орнатылған. Электронды нұсқада, байланыс құралдары арқылы түрлі деңгейдегі сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 56 тұлға бөлімнің арнайы тіркеу журналына тіркеліп, қызметкерлер көмегіне жүгінген. Заңға және Қағидаға сілтеме жасау арқылы техникалық түрде көмек көрсетіліп, орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруге ықпал жасалынды.
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында бөлімнің жауапты қызметкерлерімен кент, қала, ауылдық округтерде орналасқан мемлекеттік мекемелерде болып, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарына тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізілу жоспарлануда.
Қазалы ауданы бойынша 2022 жылдың 3 айлығында атқырылған жұмыстар туралы анықтама
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2022 жылы 4 млрд. 106 млн теңгені құрайтын 2902 сатып алу жоспарланған. Бөлім қызметкерлерімен бекітілген жоспар бойынша мемлекеттік сатып алулардың уақытылы жариялануына мониторинг жасалынып, тапсырыс берушілердің Заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізуіне қадағалау орнатылған.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 184 млн. 799 мың теңге құрайтын 1 198 сатып алу, оның ішінде 169 көрсетілетін қызмет, 30 орындалатын жұмыс және 999 тауар сатып алу жүзеге асырылуы көзделген.
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 521 млн. 882 мың теңге жоспарланған 1 543 сатып алуды құрамына қарай талдасақ: 754 көрсетілетін қызмет - 330 млн. 318 мың теңге, 190 орындалатын жұмыс - 164 млн. 571 мың теңге, 599 тауар - 26 млн. 992 мың теңгеге сатып алынатын болады.
Сонымен қатар, 2022 жылы жалпы құны 43 млн 466 мың теңге құрайтын 8 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, электронды дүкен арқылы 27 сатып алу жүргізу жылдық жоспарға енгізілген.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында мемлекеттік сатып алу бөлімімен 1 млрд 689 млн 900 мың теңгені құрайтын 57 мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Нәтижесінде 108 млн 263 мың теңге бюджет қаржысы үнемделді.Оның ішінде:
- Ашық конкурс тәсілімен 1 млрд 647 млн 970 мың теңгені құрайтын 50 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 101 млн 446 мың теңге бюджет қаржысы үнемделген;
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы - 41 млн 930 мың теңгені құрайтын 7 конкурс өткізіліп, 6 млн 817 мың теңге қаржы үнемделді;
- Біліктілігін алдын-ала іріктеу тәсілі арқылы жалпы 1 млн 960 мың теңгеге 12 мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылды.
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы ашық конкурс тәсілімен 20 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жалпы сомасы 6 млрд 111 млн. теңге. Үнемделген қаржы 238 млн 81 мың теңге.
Бөлім қызметкерлерінің кураторлық шеңберінде жалпы құны 21 млн. теңгені құрайтын 4 мемлекеттік сатып алудан 6 млн 695 мың теңге үнемделді.
Мемлекеттік сатып алу бөлімімен жарияланған 15 мемлекеттік сатып алудың қорытындылар туралы хаттамасымен келіспеген әлеуетті өнім берушілерден 22 шағым келтірілді. 3 шағым толығымен қанағаттандырылса, 7 шағым ішінара қанағаттандырылған. 12 шағым қанағаттандырудан бас тартылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша қорытындыға сәйкес, Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілермен орындалған келісім-шарттардың соммасы 19 млн 474 мың теңгені құрады. Ал, жергілікті қамту үлесі 17 млн 243 мың теңгеге, 88,55 пайызға тең.
2022 жылы аудан тапсырыс берушілеріне мемлекеттік сатып алу процесстері кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу, мамандардың біліктіліктерін арттыру және Заңға енгізілген өзгерістерді талқылау мақсатында 3 семинар ұйымдастырылып, күнделікті жұмыста қажетті 10 әдістемелік көмек құралдары жолданды. Семинарларға тапсырыс берушілердің басшылары мен мемлекеттік сатып алуға жауапты 40-қа жуық мамандар қатыстырылды. Сондай-ақ, облыстық біліктілік арттыру орталығында ақылы негізде 4 маман арнайы ұйымдарда 18 сағаттық практикалық семинарларға қатысып сертификаттармен марапатталды.
Мемлекеттік сатып алу саласында атқарылған жұмыстар және өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) тұрақты жариялануда. Фейсбук әлеуметтік желісінде "Сатып алудың өзекті мәселелері" атты тобы құрылған. Мұнда тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары тіркеліп, заңнамадағы өзгерістер тікелей эфирде талқыланады. Тапсырыс берушілер тарапынан сатып алуға қатысты сұрақтарына уақытылы жауап қайтарылады.
Бөлім қызметкерлері және тапсырыс беруші мекемелердің жауапты мамандары арасында кері байланыс орнатылған. Электронды нұсқада, байланыс құралдары арқылы түрлі деңгейдегі сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 44 тұлға бөлімнің арнайы тіркеу журналына тіркеліп, қызметкерлер көмегіне жүгінген. Заңға және Қағидаға сілтеме жасау арқылы техникалық түрде көмек көрсетіліп, орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруге ықпал жасалынды.
Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында бөлімнің жауапты қызметкерлерімен кент, қала, ауылдық округтерде орналасқан мемлекеттік мекемелерде болып, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарына тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізілу жоспарлануда.