Лого

Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы 2022 жыл бойынша анықтама

Қазалы ауданының 2022 жылдың 12 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

2022 жылдың 12 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

         Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 20 237 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,6 %-ды құрады.

         Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 17 939 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 125,9 %-ды құрады.

         Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 121 бірлікті құрады.

         Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 917 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 96,7 %-ға қалыптасты.

         Бөлшек сауда айналымы 10 720,3 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 104,5 %-ды құрады.

         Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 21 229,2 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 %-ды құрады.

         Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 18 702 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 122,5 %-ды құрады.

         Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 765 млн. теңгені құрап,105,8 %-ға қалыптасты.

         Есепті кезеңде 54 022 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 101,8 %-ға орындалды.

         Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.

         Есепті кезеңде аудан бойынша 3 157 жаңа жұмыс орны ашылды: оның ішінде 1 149-ы тұрақты,

2 008-і уақытша болып табылады.


Қазалы ауданының 2022 жылдың 11 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

2022 жылдың 11 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

         Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 18 620 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 122,8 %-ды құрады.

         Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 16 536 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 125 %-ды құрады.

         Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 010 бірлікті құрады.

         Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 757 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 95,8 %-ға қалыптасты.

         Бөлшек сауда айналымы 9 357,6 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 112,4 %-ды құрады.

         Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 19 352,5 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99 %-ды құрады.

         Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17 640 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 138,1 %-ды құрады.

         Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 031 млн. теңгені құрап,                            134,1 %-ға қалыптасты.

         Есепті кезеңде 44 582 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 104,9 %-ға орындалды.

         Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.

         Есепті кезеңде аудан бойынша 2 947 жаңа жұмыс орны ашылды: оның ішінде 981-і тұрақты, 1 966-сы уақытша болып табылады.


Қазалы ауданының 2022 жылдың 10 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

         2022 жылдың 10 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

         Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 17 062 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 120,9 %-ды құрады.

         Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 15 230 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 123 %-ды құрады.

         Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 893 бірлікті құрады.

         Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 631 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 95,6 %-ға қалыптасты.

         Бөлшек сауда айналымы 8 237,4 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 110,6 %-ды құрады.

         Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 18 132,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98 %-ды құрады.

         Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 14 472 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 124,2 %-ды құрады.

         Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 726 млн. теңгені құрап,                            133,6 %-ға қалыптасты.

         Есепті кезеңде 43 062 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 104,9 %-ға орындалды.

         Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.

         Есепті кезеңде аудан бойынша 2 635 жаңа жұмыс орны ашылды: оның ішінде 729-ы тұрақты, 1 906-сы уақытша болып табылады.


Қазалы ауданының 2022 жылдың 9 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

         2022 жылдың 9 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

         Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 15 323 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 118,1 %-ды құрады.

         Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 13 692 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 119,8 %-ды құрады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 803 бірлікті құрады.

         Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 544 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 95,5 %-ға қалыптасты.

         Бөлшек сауда айналымы 7 064,2 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 106,5 %-ды құрады.

         Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14 837,5 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,8 %-ды құрады.

         Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 13 052 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 130,6 %-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 317 млн. теңгені құрап, 136,7 %-ға қалыптасты.

         Есепті кезеңде 35 542 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 105,5 %-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.

Есепті кезеңде аудан бойынша 2 409 жаңа жұмыс орны ашылды: оның ішінде 598-і тұрақты, 1 811-і уақытша болып табылады.


Қазалы ауданының 2022 жылдың 8 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

2022 жылдың 8 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 13 067 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,5 %-ды құрады.

Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11 575 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 115,4 %-ды құрады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 538 бірлікті құрады.

Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 292 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 95,6 %-ға қалыптасты.

Бөлшек сауда айналымы 6 173 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 106,7 %-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 8 248,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103 %-ды құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы саласында төрт түлік мал басы мен өндірілген өнім көлемінде тұрақты өсім бар. Тек ешкілер саны 4 656 басқа азайып, төмендеу деңгейі 9,3 %-ды құрап отыр.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8 845 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 121,8 %-ды құрады. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 4 688 млн. теңге және жеке сектор есебінен 4 156 млн. теңге инвестиция тартылған.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 819 млн. теңгені құрап, 127,2 %-ға қалыптасты.

Есепті кезеңде 22 762 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 107,1 %-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.

Есепті кезеңде аудан бойынша 1 914 жаңа жұмыс орны ашылып, оның ішінде 350-і тұрақты, 1 564-ы уақытша болып табылады.


Ауданның 2022 жылдың ІІ тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі екі сектордан құралған: фискалдық саясат және бюджеттік жоспарлау секторы, экономикалық саясатты дамыту секторы.

Бөлімнің негізгі атқаратын функциялары - атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары енгізілген ауданның 5 жылға арналған даму жоспарын жасау және үш жылға арналған аудандық бюджетті әзірлеу.

2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың II тоқсаны бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды.

Экономикалық бағыт бойынша:

2022 жылдың 1 қаңтарына Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтердің төлқұжаттары жинақталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық паспорты дайындалды.

Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және әр ауылдық округ бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайына, 2021 жылы атқарылған, 2022 жылы атқарылатын жұмыстары және проблемалық мәселелері бойынша анықтама әзірленді.

Қазалы ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2021 жылы іске асырылуы туралы есебі барлық салалардан жинақталып, аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылды.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі жүргізіліп, талдау жасалып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.

Аудан бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілді.     

Аудан бойынша ауылдық округтердің экономикалық даму жоспары әзірленіп, аталған жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспары бекітілді.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудан бойынша жол картасының орындалуын тиісті салалық бөлімдерден жинақтап, есептілікті партияның облыстық және жергілікті филиалына ұсынылды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын 9 макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақты түрде талдау жасалып, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына ай сайын ұсынылды.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобаның шеңберінде 2022 жылға Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті, Басықара, Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел, Ақжона, Алға округтері ішінен білім, көлік инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау, сумен қамту салалары бойынша барлық құжаттамалары дайын жобалар тапсырылды.

Бюджеттік жоспарлау бағытында:

Бөлім аудандық бюджеттік комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

2022-2024 жылдарға аудандық бюджет және қала, кент, ауылдық округтердің дербес бюджеттері бекітілді.

2022 жылдың І-тоқсаны бойынша аудан әкімі орынбасарының 2022 жылғы 3 наурыздағы №1/3-9/479 санды хаты негізінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың функционалдық міндеттерімен барлық қызметкерлердің еңбек өтілдерін қайта қарап еңбекақы қорына талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар аудандық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың әр тоқсан сайын еңбекақы қорының қозғалысы туралы есептері жасалып, жылу шығындарына, коммуналдық төлемдеріне ай сайын және мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемделген қаржылары жинақталады.

2022 жылдың 6 айында 5 рет бюджеттік комиссияның отырысы болып бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарына сәйкес шешімін табуға тиісті мәселелері қаралды.

2022 жылға арналған аудандық бюджетке 5 рет түзету және 1 рет нақтылау енгізілді оның ішінде, 2022 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бос қалдықтар есебінен республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 2021 жылы нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасын жоғары тұрған бюджеттерге қайтару және 2021 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2022 жылы пайдалану (толық пайдалану) бойынша аудан әкімдігінің іске асыру қаулылары қабылданды.

Алдағы аудан бюджетін нақтылауға байланысты енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес шешім жобалары дайындалып, «Ашық НҚА» порталына, аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастыру, қоғамдастық кеңеске ұсынып, сараптаманың оң қорытындысын алу жұмыстары жүргізіледі.

Аудандық қазынашылық басқармасынан аудан бюджетіне түсірілетін түсімдердің орындалуы туралы мәліметтер алынып, тұрақты түрде талдау жұмыстары жасалды.

Сонымен қатар ай сайын кент, қала және ауылдық округ әкімі аппараттарынан жергілікті (жер, көлік, мүлік) салықтардың түсімі жөнінде мәліметтері жинақталды.    

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет (азаматтық бюджет) жергілікті атқарушы органның ресми веб-сайтына орналастырылды.

Аудандық және 4-деңгейлі қала, кент, ауылдық округ бюджеттерінің нақтылау есептері жинақталып республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден берілген нысаналы трансфертердің есебі жасалды.

Жоғары тұрған басқару органдарының тапсырмалары бойынша белгіленген мерзімде айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктер ұсынылды. 

Атап айтқанда:    

- объектілер бойынша кассалық орындалуы ескеріле отырып, ауданның және қаланың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен берілетін 2022 жылға арналған нысаналы трансферттер туралы ақпарат;

- мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің штат саны мен еңбекақы қоры туралы ақпарат;

Сонымен қатар, 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімінің көшермелері, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2022-2024 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі, 2022 жылға арналған жергілікті бюджетке жүргізілген нақтылаулардың және түзетулердің саны туралы мәліметтер облыстық басқармаға ұсынылды.

2022 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері 21789,1 млн. теңге болып бекітіліп, 22160,0 млн. теңгеге нақтыланды. үстіміздегі жылдың ІІ-тоқсанына жоспар 8434,9 млн. теңге болса нақты 8610,8 млн. теңгеге немесе 102,0 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістеріміз 711,0 млн. теңге болса, нақты 875,2 млн. теңгеге орындалды (123%).

2022 жылға аудан бюджетінің шығындар жоспары 21789,1 млн. теңге болып бекітіліп, 22418,8 млн. теңгеге нақтыланды. ІІ-тоқсанға орындалуы 8600,0 млн. теңге болып 99,7 пайызды құрады.


Ауданның 2022 жылдың І тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі екі сектордан құралған: фискалдық саясат және бюджеттік жоспарлау секторы, экономикалық саясатты дамыту секторы.

Бөлімнің негізгі атқаратын функциялары - атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары енгізілген ауданның 5 жылға арналған даму жоспарын жасау және үш жылға арналған аудандық бюджетті әзірлеу.

2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 3 айында төмендегі жұмыстар атқарылды.

Экономикалық бағыт бойынша:

2022 жылдың 1 қаңтарына Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтердің төлқұжаттары жинақталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық паспорты дайындалды.

Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және әр ауылдық округ бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайына, 2021 жылы атқарылған, 2022 жылы атқарылатын жұмыстары және проблемалық мәселелері бойынша анықтама әзірленді.

Қазалы ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2021 жылы іске асырылуы туралы есебі барлық салалардан жинақталып, аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылды.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі жүргізіліп, талдау жасалып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.

Аудан бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілді.     

Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарына ауданнан жалпы құны 215 млн. теңге құрайтын 22 жоба енгізілді.

Ауданның 2024 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары бекітілді. Бұл жоспар аясында жалпы құны 647,8 млн. теңге құрайтын 50 жоба іріктелді.

Аудан бойынша ауылдық округтердің экономикалық даму жоспары әзірленіп, аталған жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспары бекітілді.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудан бойынша жол картасының орындалуын тиісті салалық бөлімдерден жинақтап, есептілікті партияның облыстық және жергілікті филиалына ұсынылды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын 9 макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақты түрде талдау жасалып, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына ай сайын ұсынылды.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобаның шеңберінде 2022 жылға Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті, Басықара, Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел, Ақжона, Алға округтері ішінен білім, көлік инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау, сумен қамту салалары бойынша барлық құжаттамалары дайын жобалар тапсырылды.

Бюджеттік жоспарлау бағытында:

Бөлім аудандық бюджеттік комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

2022-2024 жылдарға аудандық бюджет және қала, кент, ауылдық округтердің дербес бюджеттері бекітілді.

2022 жылдың І-тоқсаны бойынша аудан әкімі орынбасарының 2022 жылғы 3 наурыздағы №1/3-9/479 санды хаты негізінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың функционалдық міндеттерімен барлық қызметкерлердің еңбек өтілдерін қайта қарап еңбекақы қорына талдау жұмыстары жүргізілуде. Талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар аудандық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық жоспарларын қайта талдау жұмыстары жүргізілуде, әр тоқсан сайын еңбекақы қорының қозғалысы туралы есептері жасалып, жылу шығындарына, коммуналдық төлемдеріне ай сайын және мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемделген қаржылары жинақталады.

2022 жылдың 3 айында 2 рет бюджеттік комиссияның отырысы болып бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарына сәйкес шешімін табуға тиісті мәселелері қаралды.

2022 жылға арналған аудандық бюджетке 3 рет түзету енгізілді оның ішінде, 2022 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бос қалдықтар есебінен республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 2021 жылы нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасын жоғары тұрған бюджеттерге қайтару және 2021 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2022 жылы пайдалану (толық пайдалану) бойынша аудан әкімдігінің іске асыру қаулылары қабылданды.

Алдағы аудан бюджетін нақтылауға байланысты енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес шешім жобалары дайындалып, «Ашық НҚА» порталына, аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастыру, қоғамдастық кеңеске ұсынып, сараптаманың оң қорытындысын алу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық қазынашылық басқармасынан аудан бюджетіне түсірілетін түсімдердің орындалуы туралы мәліметтер алынып, тұрақты түрде талдау жұмыстары жасалды.

Сонымен қатар ай сайын кент, қала және ауылдық округ әкімі аппараттарынан жергілікті (жер, көлік, мүлік) салықтардың түсімі жөнінде мәліметтері жинақталды.    

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет (азаматтық бюджет) жергілікті атқарушы органның ресми веб-сайтына орналастырылды.

Аудандық және 4-деңгейлі қала, кент, ауылдық округ бюджеттерінің нақтылау есептері жинақталып республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден берілген нысаналы трансфертердің есебі жасалды.

Жоғары тұрған басқару органдарының тапсырмалары бойынша белгіленген мерзімде айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктер ұсынылды. 

Атап айтқанда:    

- объектілер бойынша кассалық орындалуы ескеріле отырып, ауданның және қаланың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен берілетін 2022 жылға арналған нысаналы трансферттер туралы ақпарат;

- мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің штат саны мен еңбекақы қоры туралы ақпарат;

Сонымен қатар, 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімінің көшермелері, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2022-2024 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі, 2022 жылға арналған жергілікті бюджетке жүргізілген нақтылаулардың және түзетулердің саны туралы мәліметтер облыстық басқармаға ұсынылды.

2022 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері 21798,1 млн. теңге болып бекітіліп, 22047,8 млн. теңгеге нақтыланды. үстіміздегі жылдың І-тоқсанына жоспар 4515,4 млн. теңге болса нақты 4612,0 млн. теңгеге немесе 102,2 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістеріміз 372,0 млн. теңге болса, нақты 470,1 млн. теңгеге орындалды (126,3%).

2022 жылға аудан бюджетінің шығындар жоспары 21798,1 млн. теңге болып бекітіліп, 22047,8 млн. теңгені құрады. І-тоқсанға орындалуы 4715,0 млн. теңге болып 99,9 пайызды құрады.

Дата публикации
11 апреля 2022
Дата обновления
11 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  
Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы