
Қазалы ауданы, Өркендеу ауылдық округі әкімін сайлауда дауыс беру а.ж. 27 наурызда жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.
Сайлау округі бойынша әкімнің лауазымына 3 кандидат ұсынылған. Саяси партиямен ұсынылған кандидат саны-1 («AMANAT» партиясы), 2-і-өзін-өзі ұсынғандар.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Өркендеу ауылдық округ әкімін сайлауды ұйымдастырып өткізуге 1 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 5 мүшесі және аудандық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тартылған.
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 768 адамды құрайды.
Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:
Тіркелген 3 кандидат, оның ішінде 2-мемлекеттік қызметкер, 1-бюджеттік сала қызметкері,
Кандидаттардың 3-еуі ер адамдар. Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.
Мамандықтар бөлінісі бойынша: 2-і (66,7%) – қаржыгер, 1-і (33,3%)-мұғалім,
Кандидаттардың орта жасы-42, ең жасы-32 жаста, егделісі-57 жаста. Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.
Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскесіне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.
Сайлау учаскесінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген. КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бір ретік қорғаныс бет перде, қолғап, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.
Сайлау бюллетеньдеріне Т.А.Ә. енгізілген Өркендеу ауылдық округ әкіміне кандидаттардың тізімі:
Дайрабаев Сакен Жарылкасынович,
Қуанғали Қожахмет Мүбәракұлы,
Утегенов Уркен Садыбекович.