Лого

Меню

Страницы

Статья

Сайлау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу болып өтті

2022 жылғы 16 наурыз күні Қазалы ауданында облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сайлау процесіне қатысушылармен кездесуі болып өтті.

Кездесу Қазалы аудандық сайлау комиссиясы орналасқан Қазалы аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында өткізілді.

Кездесуге Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Накипов Болат Нұржігітұлы, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Наурызбаев Қожамжар және аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, саяси партия, БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар сайлау заңнамасын жетілдіруге, сайлауды өткізу барысында оның Заң аясында қолданылуына аудандық пен учаскелік сайлау комиссиясы жұмысының ашықтығына, мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау кезінде аралас сайлау жүйесін енгізуге, мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға, оның ішінде көзі көрмейтін сайлаушыларға жағдай жасау мәселелері туралы ұсыныс-тілектерін айтып, сұрақтарын қойды.

Кездесуді  облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Накипов қорытындылап, кездесуде белсенділік танытқан БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдеріне алғысын айтты. 

Сонымен қатар, осы күні облыстық сайлау комиссиясы мүшелері Өркендеу ауылдық округінде орналасқан №89  учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесіп, ағымдағы жылдың 27 наурызында өтетін Өркендеу ауылдық округі әкімінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
16 марта 2022
Дата обновления
16 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  
Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы