
2022 жылғы 11 наурызда Қазалы аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 және 2 тармағына сәйкес, «Nur Otan» партиясының ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Өркендеу ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Қуанғали Қожахмет Мүбәракұлы
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 27 наурызға тағайындалған Өркендеу ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 26 ақпаннан 12 наурызға дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.