Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазалы аудандық сайлау комиссиясының мәжілісі болып өтті

2022 жылдың 28 ақпан күні Қазалы аудандық сайлау комиссиясының мәжілісі болып өтті.

Мәжіліске №89 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, №104 орта мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы, аудан әкімі аппаратының, аудандық сот, прокуратура, мемлекеттік кірістер басқармасының және аудандық полиция бөлімінің паспорт қызметтерінің жауапты қызметкерлері шақырылды.

Мәжілісте 2022 жылдың 27 наурызына тағайындалған Қазалы ауданының Өркендеу ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен таныстыру және одан туындайтын міндеттер қарастырылды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазалы аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Иманбаев хабарлама жасап, мәжіліске қатысушыларды сайлауға әзірлеуге байланысты іс-шаралар жоспарымен таныстырып, одан туындайтын міндеттер мен олардың мерзімдерін атап өтті.

Мәжіліске қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өз ойларын айтты.

Мәжіліс қорытындысымен Қазалы аудандық сайлау комиссиясының хаттамалық шешімі бекітілді.

 

Қазалы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  
Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы