
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2020 жылдың І-жартыжылдығында 11 млрд. 623 млн. 246 мың теңгені құрайтын 6478 сатып алу өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде:
-тауарларды сатып алу – 1 млрд. 143 млн 855 мың теңге;
-көрсетілетін қызметтер - 3 млрд. 609 млн. 519 мың теңге;
-атқарылатын жұмыстар – 6 млрд. 869 млн. 871 мың теңге.
Баға ұсыныстар сұрату тәсілі бойынша 533 млн. 015 мың теңге құрайтын 757 сатып алу, оның ішінде 27 қызмет (13 млн. 294 мың 464 теңге), 1 жұмыс (530 мың теңге) және 729 тауар (518 млн. 182 мың 841 теңге) сатып алу жүзеге асырылды.
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 3 млрд. 777 млн. 186 мың теңге құрайтын 5193 сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 1800 қызмет (3 млрд. 191 млн. 864 мың 402 теңге), 342 жұмыс (342 млн. 297 мың 925 теңге) және 3051 тауар (243 млн. 024 мың 341 теңге) сатып алу жүргізілді.
2020 жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 3 млрд 576 млн 11 мың теңгені құрайтын 193 мемлекеттік сатып алу жарияланып, 238 млн 266 мың теңге үнемделді.
- Ашық конкурс тәсілі арқылы 756 млн 160 мың теңгені құрайтын 86 мемлекеттік сатып алудан 100 млн 511 мың теңге қаржы үнемделді.
- Ағымдағы жылы COVID-19 пандемиясының таралуына орай, Қазақстан Республикасы көлемінде төтенше жағдай жариялануына байланысты, мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі енгізілді. 2020 жылдың 21 сәуірінен бастап алғашқы жартыжылдығына дейін 1 млрд 835 млн 59 мың теңгені құрайтын 86 сатып алу жарияланып, 123 млн 997 мың теңге үнемделді.
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы 9 конкурс ұйымдастырылды. Соммасы - 36 млн 851 мың теңге. Үнемделген қаржы - 6 млн 723 мың теңгені құрады.
- Біліктілігін алдын ала іріктеу тәсілі арқылы соммасы 211 млн 622 мың теңгені құрайтын 12 конкурс жарияланып, 13 млн 741 мың теңге үнемделді.
2020 жылы мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен жеткізіп беру орны Қазалы ауданы болып табылатын жалпы сомасы 5 млрд. 573 млн. 566 мың теңгені құрайтын 29 конкурс ұйымдастырылды. Аталмыш конкурстардың нәтижесімен 320 млн. 865 мың теңге қаржы үнемделді.
Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары туралы.
2020 жылдың І жартыжылдығында 1 млрд. 705 млн 81 мың теңгеге орындалған мемлекеттік сатып алулардың жергілікті қамту үлесі 640 млн 246 мың теңгені, 37,55% құрады.
Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында аудан бойынша жауапты қызметкерлер бекітіліп, жергілікті қамтудың үлесін арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, 2020 жылдың алғашқы 6 айлығында Қазалы ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілермен сатып алынған тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыстардың жергілікті қамту үлесіне (мемлекеттік сатып алудың электронды веб-портал арқылы) мониторинг жүргізілді.
Нәтижесінде:
-тауарлар бойынша 352 млн 611 мың теңгеге жарияланған мемлекеттік сатып алулардың жергілікті қамту үлесі 55,70%, 196 млн 684 мың теңге;
- жұмыстар бойынша 608 млн 684 мың теңгенің жергілікті қамту үлесі 20,49%, 124 млн 729 мың тегені құраса;
- көрсетілетін қызметтер бойынша қабылданған актілердің соммасы 743 млн 784 мың теңгенің жергілікті қамту үлесі 319 млн 97 мыңға, яғни 42,90% тең.
Сонымен қатар, бөлімнің бастауымен ағымдағы жылы ауданның тапсырыс берушілеріне мемлекеттік сатып алу процесстері кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу, жергілікті қамту үлесін арттыруға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мамандардың біліктіліктерін арттыру және әдістемелік көмек көрсету мақсаттарында, бюджеттік мекемелерді аралау шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып, тиісті көмектер көрсетіліп келеді.
Аталмыш жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.