
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі №72/106, №73/107, №74/108 шешімдерімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған ауылдық округтер әкімдерін тіркеді:
Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі-Қожантаев Шохан Жанахметұлы, 13.04.1984 жылы туған, Қарашеңгел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қарашеңгел ауылдық округі, Жалаңтөс батыр ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған, «Ауыл» ХДПП мүшесі.
Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі-Рыстығұл Абай Қоңырбайұлы, 28.05.1965 жылы туған, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі, Әйтеке би кентінде тұрады. Nur Otan» партиясымен ұсынылған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Өркендеу ауылдық округінің әкімі-Үргенішбай Нәби Мәлиұлы, 03.02.1959 жылы туған. Өркендеу ауылдық округінің әкімі, Өркендеу ауылдық округі, Жанкент ауылында тұрады. Nur Otan» партиясымен ұсынылған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Қазалы ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді. 2021 жылы 25 шілдеде сайланды.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы