
2021 жылғы 03 шілдеде Қазалы аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 және 2 тармағына сәйкес, «Nur Otan» партиясының ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Рыстығұл Абай Қоңырбайұлы;
Өркендеу ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Үргенішбай Нәби Мәлиұлы.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 26 мауысымынан 9 шілдеге дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.