
Қазалы ауданы бойынша 2021 жылдың 12 айлығында атқырылған жұмыстар туралы анықтама
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2021 жылы 6 млрд. 306 млн теңгені құрайтын 4528 сатып алу өткізілді.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 166 млн. 71 мың теңге құрайтын 355 сатыпалу, оның ішінде 27 қызмет, 22 жұмыс және 306 тауар сатып алу жүзеге асырылды.
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 870 млн. 88 мың теңге құрайтын 3908 сатып алу жүргізілген. Құрамына қарай талдасақ:1548 қызмет -509 млн. 372 мың теңге, 473 жұмыс - 231 млн. 414 мың теңге, 1887тауар - 129 млн. 301 мың теңгеге сатып алынды.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2021 жылы жарияланған 2 млрд 490 млн 523 мың теңгені құрайтын 206 мемлекеттік сатып алу толығымен аяқталып, нәтижесімен 311 млн 502 мың теңге бюджет қаржысы үнемделді.Оның ішінде:
- Ашық конкурс тәсілімен 2 млрд 299 млн теңгені құрайтын 166 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 303 млн теңге бюджет қаржысы үнемделген;
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы - 37 млн 875 мың теңгені құрайтын 9 конкурс өткізіліп, 7 млн 575 мыңтеңге қаржы үнемделді;
- Біліктілігін алдын ала іріктеумен 21 млн 975 мың теңгеге 15 конкурс өткізілді;
- Тұрғын үй сатып алу тәсілімен құны 177 млн 394 мың теңгеге 16 тұрғын үй сатып алынды.
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы ашық конкурс тәсілімен 18 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жалпы сомасы 5 млрд 601 млн 315 мың. теңге.Үнемделген қаржы 144 млн 696 мың теңге.
Сондай ақ, 18 тұрғын үй сатып алу үшін 199 млн 568 мың теңгеге 3 мемлекеттік сатып алу жарияланды.
Сонымен қатар, 2021 жылы ауданның тапсырыс берушілеріне мемлекеттік сатып алу процесстері кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу, жергілікті қамту үлесін арттыру, мамандардың біліктіліктерін арттыру және әдістемелік көмек көрсету мақсаттарында 12 құқықтық оқыту, 2 онлайн вебинар, 2 семинар ұйымдастырылып, бюджеттік мекемелерді аралау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Есепті мерзімде облыстық біліктілік арттыру орталығында ақылы негізде 15 маман арнайы ұйымдарда 18 сағаттық практикалық семинарларға қатысып сертификаттармен марапатталды.Өткен жылы бөлімнің жауапты қызметкерлері 20 мекемеде болып, мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарына тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында анықталған қателіктер және оның алдың алу жолдары ұсынылды.
Бөлім тарапынан атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын жарияланып келеді.
Мемлекеттік сатып алу саласында атқарылған жұмыстар және өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) тұрақты жариялануда. Фейсбук әлеуметтік желісінде "Сатып алудың өзекті мәселелері" атты тобы құрылған. Мұнда тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары тіркеліп, заңнамадағы өзгерістер тікелей эфирде талқыланады. Тапсырыс берушілер тарапынан сатып алуға қатысты сұрақтарына уақытылы жауап қайтарылады.
Бүгінгі күнге, аудан бойынша барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіліп, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылды.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы жалпы соммасы 1 млрд 617 млн теңге құрайтын 35 сатып алу жарияланып, мемлекетітк сатып алу процедуралары жүргізілуде.
Қазалы ауданы бойынша 2021 жылдың 9 айлығында атқырылған жұмыстар туралы анықтама
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілермен 2021 жылы 5 млрд. 871 млн теңгені (2020 жылы 13 млрд. 264 млн) құрайтын 3861 сатып алу өткізу жоспарланған.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 146 млн. 849 мың теңге құрайтын 304 сатып алу, оның ішінде 28 қызмет, 13 жұмыс және 263 тауар сатып алу жүзеге асыру межеленген.
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 738 млн. 644 мың теңге құрайтын 3303 сатып алуды құрамына қарай талдасақ: 1285 қызмет - 469 млн. 369 мың теңгеге, 371 жұмыс - 196 млн. 613 мың теңгеге, 1647 тауар - 72 млн. 661 мың теңгеге сатып алу көзделген.
Сонымен қатар, ашық конкурс тәсілімен 189 млн 37 мың теңгеге - 58 қызмет, 4 млрд 103 млн 446 мың теңгеге - 136 жұмыс, 25 млн 773 мың теңгеге - 12 тауар сатып алу, жалпы 206 мемлекеттік сатып алуға - 4 млрд 318 млн 258 мың теңгеге жоспарланса, біліктілігін алдын-ала іріктеу тәсілі арқылы 257 млн 253 мың теңгеге - 7 мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына жобалық құны 288 млн 265 мың теңгені құрайтын 26 тұрғын үй сатып алу енгізілген. 16 тұрғын үй бөлім тарапынан жарияланып, оның 8 тұрғын үй бойынша келісім-шарт жасалуда. 8 тұрғын үй сатып алу мемлекеттік сатып алудың электронды веб-порталында өтінімдерді қабылдау мәртебесінде орналастырылған. 10 тұрғын үй сатып алу процестері облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен жүзеге асырылуда.
Бөлім тарапынан жүргізілген жұмыстар туралы.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2021 жылы жарияланған 2 млрд 68 млн теңгені (2020 жылы 4 млрд 275 млн теңге 267 сатып алу) құрайтын 197 мемлекеттік сатып алудан 290 млн 115 мың теңге (2020 жылы 357 млн 466 мың) үнемделді. 10 конкурс бойынша - өтнім қабылдануда, 2 - өтінімдерді толықтыру, 5 - жарияланды, 180 - аяқталды мәртебесінде орналастырылған. Оның ішінде:
- Ашық конкурс тәсілімен 1 млрд 834 млн теңгені құрайтын 166 конкурс (2020 жылы 1 млрд 124 млн теңге 120 конкурс) өткізіліп, 264 млн 473 мың теңге үнемделген;
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы - 37 млн 875 мың теңгені құрайтын 9 конкурстан (2020 жылы 38 млн теңге 10 конкурс) 7 млн 575 мың теңге қаржы үнемделсе;
- Біліктілігін алдын ала іріктеумен 18 млн 67 мың теңгеге 6 конкурс (2020 жылы 218 млн теңге 15 конкурс) жарияланды.
- 177 млн 394 мың теңгеге - 16 тұрғын үй сатып алу тәсілімен жарияланды.
Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары туралы.
Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында аудан бойынша жауапты қызметкерлер бекітілді.
Сонымен қатар, бөлім тарапынан жыл көлемінде мемлекеттік сатып алудың жергілікті қамту үлесіне мемлекеттік сатып алудың электронды веб-порталы арқылы мониторинг жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен облыс және аудан бюджеті есебінен сатып алынған тауар, көрсетілетін қызмет, орындалған жұмыстар бойынша 2 млрд 261 млн 260 мың теңгеге орындалған келісім-шарттардың 1 млрд 961 млн 102 мың теңгесі жергілікті қамту үлесін, 86,73% (2020 жылдың 9 айлығында 4 млрд 571 млн теңгеге орындалған жұмыстар бойынша жергілікті қамту үлесі 3 млрд 544 млн теңге, 77,53%) құрады.
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының аталмыш бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде назарда ұстауын ескерсек, алдағы уақытта жергілікті қамту үлесінің жоғары көрсеткіштермен қамтамасыз ету жайлы қызметтік хаттар жолданатын болады.
100 млн теңгеден асатын инфроқұрылымдық жобалар бойынша:
Аудан көлемінде жобалық құны 100 млн теңгеден асатын 5 инфроқұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда (Қазалы қаласын газбен жабдықтау, Әйтеке би кентіндегі Аймақаш мөлтек ауданына жол салу, Әйтеке би кентіндегі Мұханов, Әбілқайырхан көшесінің автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, " Әйтеке би-Басықара" аудандық маңызы бар автомобиль жолының 20,1 км-дегі темірбетон көпірді реконструкциялау). Барлық жобалардың жеңімпаздары анықталып, жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Аталмыш жобалар бойынша 2021 жылғы 9 айлығында игерілген қаржыларға сатып алынған құрылыс материалдарының жергілікті қамту үлесі 84,75 пайызды құрады.
"Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" КММ 2021 жылдың І жартыжылдығында атқырылған жұмыстар туралы анықтама
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілермен 2021 жылы 5 млрд. 726 млн теңгені (2020 жылы 13 млрд. 264 млн) құрайтын 3569 сатып алу өткізу жоспарланған.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 120 млн. 772 мың теңге құрайтын 250 сатып алу, оның ішінде 20 қызмет, 7 жұмыс және 223 тауар сатып алу жүзеге асыру межеленген.
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 679 млн. 93 мың теңге құрайтын 3113 сатып алуды құрамына қарай талдасақ: 1214 қызмет - 453 млн. 830 мың теңгеге, 297 жұмыс - 155 млн. 372 мың теңгеге, 1602 тауар - 69 млн. 890 мың теңгеге сатып алу көзделген.
Сонымен қатар, ашық конкурс тәсілімен 188 млн 748 мың теңгеге - 55 қызмет, 4 млрд 334 млн 883 мың теңгеге - 121 жұмыс, 10 млн 55 мың теңгеге - 6 тауар сатып алу, жалпы 182 мемлекеттік сатып алуға - 4 млрд 533 млн 687 мың теңгеге жоспарланса, біліктілігін алдын-ала іріктеу тәсілі арқылы 263 млн 816 мың теңгеге - 10 мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын болады.
Бөлім тарапынан жүргізілген жұмыстар туралы.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2021 жылы жарияланған 2 млрд 9 млн теңгені (2020 жылы 4 млрд 275 млн теңге 267 сатып алу) құрайтын 160 мемлекеттік сатып алудан 267 млн 401 мың теңге (2020 жылы 357 млн 466 мың) үнемделді. 15 - өтінім қабылдануда, 2 - қаралуда, 143 - аяқталды мәртебесінде орналастырылған. Оның ішінде:
- Ашық конкурс тәсілімен 1 млрд 953 млн теңгені құрайтын 145 конкурс (2020 жылы 1 млрд 124 млн теңге 120 конкурс) өткізіліп, 259 млн 826 мың теңге үнемделген;
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы - 37 млн 875 мың теңгені құрайтын 9 конкурстан (2020 жылы 38 млн теңге 10 конкурс) 7 млн 575 мың теңге қаржы үнемделсе;
- Біліктілігін алдын ала іріктеумен 18 млн 67 мың теңгеге 6 конкурс (2020 жылы 218 млн теңге 15 конкурс) жарияланды.
Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары туралы.
Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында аудан бойынша жауапты қызметкерлер бекітілді.
Сонымен қатар, бөлім тарапынан жыл көлемінде мемлекеттік сатып алудың жергілікті қамту үлесіне мемлекеттік сатып алудың электронды веб-порталы арқылы мониторинг жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен облыс және аудан бюджеті есебінен сатып алынған тауар, көрсетілетін қызмет, орындалған жұмыстар бойынша 1 млрд 215 млн 972 мың теңгеге орындалған келісім-шарттардың 906 млн 846 мың теңгесі жергілікті қамту үлесін, 74,57% (2020 жылдың І жартыжылдығында 1 млрд 705 млн теңгеге орындалған жұмыстар бойынша жергілікті қамту үлесі 640 млн 246 мың теңге, 37,55%) құрады.
100 млн теңгеден асатын инфроқұрылымдық жобалар бойынша:
Аудан көлемінде жобалық құны 100 млн теңгеден асатын 6 инфроқұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда (Қазалы қаласын газбен жабдықтау, Әйтеке би кентіндегі Аймақаш мөлтек ауданына жол салу, Әйтеке би кентіндегі Мұханов, Әбілқайырхан көшесінің автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, " Әйтеке би-Басықара" аудандық маңызы бар автомобиль жолының 20,1 км-дегі темірбетон көпірді реконструкциялау, Қ.Пірімов ауылынан спорт кешенінің құрылысы). 4 жобаның жеңімпаздары анықталып, жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Әйтеке би-Басықара жолындағы темірбетон көпірін реконструкциялау жұмысы, Қ.Пірімов ауылынан спорт кешенін салу жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.
Аталмыш жобалар бойынша 2021 жылғы І жартыжылдығында игерілген қаржыларға сатып алынған құрылыс материалдарының жергілікті қамту үлесі 93,92 пайызды құрады.
Қазалы ауданы бойынша 2021 жылдың І тоқсанында атқырылған жұмыстар туралы анықтама
Мемлекеттік сатып алу процесі мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді, өнім берушіні қолданыстағы заңнамаларға сәйкес айқындауды, онымен мемлекеттік сатып алудың келісім-шартын жасауды және орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілермен 2021 жылы 3 млрд. 441 млн теңгені (2020 жылы 13 млрд. 264 млн) құрайтын 2877 сатып алу өткізу жоспарланған.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 99 млн. 808 мың теңге құрайтын 206 сатып алу, оның ішінде 9 қызмет, 2 жұмыс және 195 тауар сатып алу жүзеге асыру межеленген.
Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 552 млн. 700 мың теңге құрайтын 2526 сатып алу, құрамына қарай талдасақ: 925 қызмет - 397 млн. 206 мың теңгеге, 208 жұмыс - 110 млн. 538 мың теңгеге, 1393 тауар - 44 млн. 955 мың теңгеге сатып алу көзделген.
Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2021 жылы жарияланған 1 млрд 615 млн теңгені құрайтын 109 мемлекеттік сатып алудан (2020 жылы 4 млрд 275 млн теңге 267 сатып алу) 101 млн 201 мың теңге үнемделді. Оның ішінде:
- Ашық конкурс тәсілімен 1 млрд 564 млн теңгені құрайтын 97 конкурс (2020 жылы 1 млрд 124 млн теңге 120 конкурс) өткізіліп, 97 млн 699 мың теңге үнемделген;
- Әлеуметтік тапсырыс арқылы - 36 млн 843 мың теңгені құрайтын 8 конкурстан (2020 жылы 38 млн теңге 10 конкурс) 3 млн 501 мың теңге қаржы үнемделсе;
- Біліктілігін алдын ала іріктеумен 14 млн 285 мың теңгеге 4 конкурс (2020 жылы 218 млн теңге 15 конкурс) жарияланды.
Аудан әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілерден облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы 3 мемлекеттік сатып алу жарияланды. Жалпы сомасы 260 млн 577 мың теңгеден 26 млн 231 мың теңге үнемделді.
Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары туралы.
Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында аудан бойынша жауапты қызметкерлер бекітілді.
Сонымен қатар, бөлім тарапынан жыл көлемінде мемлекеттік сатып алудың жергілікті қамту үлесіне мемлекеттік сатып алудың электронды веб-порталы арқылы мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесімен облыс және аудан бюджеті есебінен сатып алынған тауар, көрсетілетін қызмет, орындалған жұмыстар бойынша 395 млн 776 мың теңгеге орындалған келісім-шарттардың 114 млн 349 мың теңгесі жергілікті қамту үлесін, 28,89% (2020 жылы 8 млрд 431 млн теңгеге орындалған жұмыстар бойынша жергілікті қамту үлесі 7 млрд 656 млн теңге, 90,8%) құрады.
Сонымен қатар, бөлімнің бастауымен 2021 жылы ауданның тапсырыс берушілеріне мемлекеттік сатып алу процесстері кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу, жергілікті қамту үлесін арттыруға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мамандардың біліктіліктерін арттыру және әдістемелік көмек көрсету мақсаттарында бюджеттік мекемелерді аралау шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып, тиісті көмектер көрсетіліп келеді.
Аталмыш жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.