
2021 жылғы 29 маусымда Қазалы аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Картабаев Казыбек Каржаубаевич;
Өркендеу ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Жұмағали Алтынбек Бахытұлы;
Қарашеңгел ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Мдуар Бахытбек Алтынбекович.
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 26 мауысымынан 9 шілдеге дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.