Лого

Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы 2021 жыл бойынша анықтама

Ауданның 2021 жылдың 12 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі екі сектордан құралған: фискалдық саясат және бюджеттік жоспарлау секторы, экономикалық саясатты дамыту секторы.

Бөлімнің негізгі атқаратын функциялары - атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары енгізілген ауданның 5 жылға арналған даму жоспарын жасау және үш жылға арналған аудандық бюджетті әзірлеу.

2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы төмендегі жұмыстар атқарылды.

Экономикалық бағыт бойынша:

2021 жылдың 1 қаңтарына Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтердің төлқұжаттары жинақталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық паспорты дайындалды.

Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және әр ауылдық округ бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайына, 2020 жылы атқарылған, 2021 жылы атқарылатын жұмыстары және проблемалық мәселелері бойынша анықтама әзірленді.

Қазалы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2020 жылы іске асырылуы туралы есебі барлық салалардан жинақталып, аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылды.

Қазалы ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 ақпандағы II сессиясының №13 шешімімен бекітілді.

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі жүргізіліп, талдау жасалып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.

Қазалы ауданының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы екі кезеңде әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.

ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімінің арасындағы 2021 жылға жоспарланған мақсатты индикаторлар туралы Меморандум негізінде жоғары тұрған басқару органдарына белгіленген мерзімде айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктер ұсынылды.

Аудан бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілді.     

Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарына ауданнан жалпы құны 1,1 млрд. теңге құрайтын 18 жоба енгізілді.

Ауданның 2024 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары бекітілді. Бұл жоспар аясында жалпы құны 647,8 млн. теңге құрайтын 50 жоба іріктелді.

  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудан бойынша жол картасының орындалуын тиісті салалық бөлімдерден жинақтап, есептілікті партияның облыстық және жергілікті филиалына тұрақты түрде ұсынылып келеді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын 9 макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақты түрде талдау жасалып, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына ай сайын ұсынылды.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобаның шеңберінде 2021 жылға Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті, Басықара, Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел, Ақжона, Алға округтері ішінен білім, көлік инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау, сумен қамту салалары бойынша барлық құжаттамалары дайын жобалар тапсырылды.

Бюджеттік жоспарлау бағытында:

Бөлім аудандық бюджеттік комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

2021 жылы қаржыландыруға ұсынылған мәселелерге талдау жасалып, бюджетті нақтылау барысында комиссия қарауына ұсынылды.

2021 жылы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың еңбекақы қорына, жылу шығындарына, коммуналдық төлемдеріне ай сайын және мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемделген қаржыларына тоқсан сайын талдау жүргізіліп, талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар аудандық бюджеттік комиссияның қарауына беріліп отырады.

2021 жылы 19 рет бюджеттік комиссияның отырысы болып, 5 рет бюджетті нақтылау, 12 рет түзету енгізу мәселелері қаралды.

2021 жылға арналған аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес шешім жобалары дайындалып, «Ашық НҚА» порталына, аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастыру, қоғамдастық кеңеске ұсынып, сараптаманың оң қорытындысын алу және мәслихат шешімдеріне әділет органдарынан келісім алу жұмыстары жасалды. Шешім тіркелгеннен кейін аудан әкімдігінің іске асыру қаулылары әзірленді.

2021 жылға аудандық бюджет және қала, кент, ауылдық округтердің дербес бюджеттері қалыптастырылды.

Аудандық кірістер басқармасынан аудан бюджетіне түсірілетін түсімдердің орындалуы туралы мәліметтер алынып, тұрақты түрде талдау жасалуда.

Сонымен қатар ай сайын кент, қала және ауылдық округ әкімі аппараттарынан жергілікті (жер, көлік, мүлік) салықтардың түсімі жөнінде мәліметтері жинақталды.    

2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет (азаматтық бюджет) және жыл ішінде аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда жергілікті атқарушы органның ресми веб-сайтына орналастырылды.

Жоғары тұрған басқару органдарының тапсырмалары бойынша белгіленген мерзімде айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктер ұсынылды.                                                    

Атап айтқанда:    

- объектілер бойынша кассалық орындалуы ескеріле отырып, ауданның және қаланың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен берілетін 2021 жылға арналған нысаналы трансферттер туралы ақпарат;

- мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің штат саны мен еңбекақы қоры туралы ақпарат;

Сонымен қатар, 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімінің көшермелері, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2021-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі, 2021 жылға арналған жергілікті бюджетке жүргізілген нақтылаулардың және түзетулердің саны туралы мәліметтер облыстық басқармаға ұсынылды.

2021 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері 21198,6 млн. теңге болып бекітілді, жыл соңында 21845,5 млн. теңгеге нақтыланып, 21961,4 млн. теңгеге немесе 100,5 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістеріміз 1896,9 млн. теңге (106,5%), субвенция көлемі 14302,1 млн. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер 3265,6 млн. теңге, нысаналы даму трансферттері 2496,8 млн. теңге.

2021 жылға аудан бюджетінің шығындар жоспары 21198,6 млн. теңге болып бекітіліп, 22225,7 млн. теңгені құрады. Орындалуы 21892,1 млн. теңге болып 98,5 пайызды құрады.


Ауданның 2021 жылдың 10 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 14 075 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 109,9 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 12 061 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 108,0 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2021 жылдың 6 айында 6 601 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 94,6 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 501 бірлікті құрап, 112,6 %-ды құрады. Субъектілердің 306-і заңды тұлғалар, 1 901-сі шаруа қожалықтары, 3 294-ы жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары –                    5 175 бірлік. Үлесі 94,0 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2021 жылдың 6 айында 9 211 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 109,3 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

 Бөлшек сауда көлемі 6 526,8 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 104,6 %-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 16 381,0 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,9 %-ды құрады.

2021 жылдың 10 айында 17 090 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2020 жылы 17 675 га). Оның ішінде дәнді дақылдар - 6847 гектар, негізгі дақыл күріш – 6587 гектар, мал азықтық дақылдары - 7938 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 55 гектар.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 44 068 бас немесе 110,8 %              /4 301 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 18 224 бас, 111,1 %       /1817 басқа көбейген/;

Қой 64 915 бас немесе 100,1 %                   /62 басқа көбейген/;

Ешкі 48 440 бас немесе 101,0 %                  /496 басқа көбейген/;

Жылқы 38 568 бас немесе 118,1 %           /5 917 басқа көбейген/;

Түйе 12 338 бас немесе 112,7%               /1 390 басқа көбейген/;

Құс 7 639 бас немесе 101,5 %                   /116 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 13 597,8 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 4 804,1 тонна болып,
103,2 %-ды құрады.

Алынған жұмыртқа 589,5 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
10 995 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,0 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5 227 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
113,6 пайызға орындалды.

Есепте кезеңде 41 033 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /215 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,7%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың қорытындысымен 5,0%-ды құрады.

2021 жылдың 10 айында жұмыс іздеуші ретінде
4 790 адам хабарласып, 1 716 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1 159 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 55 адам, жастар тәжірибесіне 109 адам жіберілді. Есепті кезеңде 2 581 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
1 196 тұрақты, 1 385 уақытша жұмыс орындары.

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 2 441 032,6  мың теңгеге жоспарланып, нақты 2 656 325,3 мың теңгеге немесе 108,8%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 324 274,4 мың теңге /жоспар 278 954 мың теңге, болжамға 116,2%/;

Облыстық бюджетке 787 766,3 мың теңге /жоспар 758 378 мың теңге, болжамға 103,9 %/;

Аудандық бюджетке 1 544 284,7 мың теңге /жоспар 1 403 701 мың теңге, болжамға 110,0 %/.

Бюджеттің шығыс бөлігі 18 633 169 мың теңгеге жоспарланса, нақты 18 372 907,4 мың теңгеге немесе
98,6 пайызға орындалды.


Ауданның 2021 жылдың 9 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 12 626,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 107,1 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 10 724,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 103,6 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2021 жылыдың II-тоқсанына 6 601 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 94,6%-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5608 бірлікті құрап, 123,5 %-ды құрады. Субъектілердің 307-і заңды тұлғалар, 1978-сі шаруа қожалықтары, 3323-сі жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 5280 бірлік. Үлесі 95,2 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2021 жылыдың II-тоқсанына 9 211 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 109,3%-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Бөлшек сауда көлемі 5846,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 103,9%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім             13 245,8 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,0 %-ды құрады.

2021 жылдың 9 айында 17 090 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2020 жылы 17 675 га). Оның ішінде дәнді дақылдар - 6847 гектар, негізгі дақыл күріш – 6587 гектар, мал азықтық дақылдары - 7938 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 55 гектар.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 44898 бас немесе 110,6 %              /4300 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 17906 бас, 103,8 %       /651 басқа көбейген/;

Қой 65806 бас немесе 100,1 %                   /90 басқа көбейген/;

Ешкі 49212 бас немесе 101,0 %                  /502 басқа көбейген/;

Жылқы 38838 бас немесе 112,7 %           /4381 басқа көбейген/;

Түйе 12370 бас немесе 112,6%               /1389 басқа көбейген/;

Құс 7706 бас немесе 101,6 %                   /118 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 12 303,0 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 4148,9 тонна болып,
103,1 %-ды құрады.

Алынған жұмыртқа 531,1 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,2 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
9451 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,3 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4763 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
108,6 пайызға орындалды.

Есепте кезеңде 33675 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /175 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,0%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың 9 – айының  қорытындысымен 5,0%-ды құрады.

2021 жылдың 9 айында жұмыс іздеуші ретінде
4320 адам хабарласып, 1319 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1097 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 54 адам, жастар тәжірибесіне 108 адам жіберілді. Есепті кезеңде 2314 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
1039 тұрақты, 1275 уақытша жұмыс орындары.

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 2 117 295,1  мың теңгеге жоспарланып, нақты 2 470 261,7 мың теңгеге немесе 116,7%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 309 815,9 мың теңге /жоспар 232 788 мың теңге, болжамға 133,1%/;

Облыстық бюджетке 720 313,2 мың теңге /жоспар 635 675 мың теңге, болжамға 113,3 %/;

Аудандық бюджетке 1 440 132,5 мың теңге /жоспар 1 248 832 мың теңге, болжамға 115,2 %/.

Бюджеттің шығыс бөлігі 16 442 263 мың теңгеге жоспарланса, нақты 16 436 133,6 мың теңгеге немесе
100,0 пайызға орындалды.


Ауданның 2021 жылдың 8 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 10 896 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 107,3 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 9 096 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,6 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2021 жылыдың I-тоқсанына 2 727 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 74,7%-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5576 бірлікті құрап, 127,8 %-ды құрады. Субъектілердің 309-і заңды тұлғалар, 1970-сі шаруа қожалықтары, 3297-сі жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 5277 бірлік. Үлесі 94,6 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2021 жылыдың I-тоқсанына 8 984 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 113,9%-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Бөлшек сауда көлемі 5 125,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 113,4 %-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім         7 500,6 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,2 %-ды құрады.

2021 жылдың 8 айында 17 090 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2020 жылы 17 675 га). Оның ішінде дәнді дақылдар - 6847 гектар, негізгі дақыл күріш – 6587 гектар, мал азықтық дақылдары - 7938 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 55 гектар.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 45 486 бас немесе 110,3 %              /4 265 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 17 646 бас, 104,1 %       /696 басқа көбейген/;

Қой 66 254 бас немесе 100,2 %                 /159 басқа көбейген/;

Ешкі 50 169 бас немесе 101,1 %                  /529 басқа көбейген/;

Жылқы 39 105 бас немесе 112,5 %           /4 348 басқа көбейген/;

Түйе 12 380 бас немесе 112,7%               /1 395 басқа көбейген/;

Құс 8 014 бас немесе 101,6 %                   /126 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 10 936,2 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 3 653 тонна болып,
104,2 %-ды құрады.

Алынған жұмыртқа 471 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,2 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
6 936 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,6 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 204 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
195,4 пайызға орындалды.

Есепте кезеңде 21 260 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /119 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,9%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың қорытындысымен 5,0%-ды құрады.

2021 жылдың 8 айында жұмыс іздеуші ретінде
3 850 адам хабарласып, 998 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 948 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 54 адам, жастар тәжірибесіне 85 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1 842 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
775 тұрақты, 1 087 уақытша жұмыс орындары.


Ауданның 2021 жылдың 7 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 9324,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,5 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 7685,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 96,6 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2021 жылыдың I-тоқсанына 2 727 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 74,7%-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5515 бірлікті құрап, 127,3 %-ды құрады. Субъектілердің 309-і заңды тұлғалар, 1926-сі шаруа қожалықтары, 3280-сі жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 5260 бірлік. Үлесі 95,4 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2021 жылыдың I-тоқсанына 8 984 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 113,9%-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Бөлшек сауда көлемі 4360,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 122,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 5800,5 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,3 %-ды құрады.

2021 жылдың 7 айында 17 090 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2020 жылы 17 675 га). Оның ішінде дәнді дақылдар - 6847 гектар, негізгі дақыл күріш – 6587 гектар, мал азықтық дақылдары - 7938 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 55 гектар.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 46022 бас немесе 110,1 %              /4220 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 17982 бас, 105,1 %       /872 басқа көбейген/;

Қой 67653 бас немесе 100,5 %                 /337 басқа көбейген/;

Ешкі 51108 бас немесе 101,1 %                  /556 басқа көбейген/;

Жылқы 39243 бас немесе 112,7 %           /4425 басқа көбейген/;

Түйе 12380 бас немесе 112,7%               /1395 басқа көбейген/;

Құс 8024 бас немесе 101,6 %                   /126 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 9436,6 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 3154,8 тонна болып,
104,2 %-ды құрады.

Алынған жұмыртқа 411,0 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
5639 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 221,2 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2204 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
195,3 пайызға орындалды.

Есепте кезеңде 18514 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /103 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,9%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың 7 – айының  қорытындысымен 5,0%-ды құрады.

2021 жылдың 7 айында жұмыс іздеуші ретінде
3449 адам хабарласып, 775 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 880 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 54 адам, жастар тәжірибесіне 83 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1683 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
667 тұрақты, 1016 уақытша жұмыс орындары.

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 1 513 091  мың теңгеге жоспарланып, нақты 1 927 939,7 мың теңгеге немесе 127,4%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 227 270,7 мың теңге /жоспар 211 516 мың теңге, болжамға 107,4%/;

Облыстық бюджетке 585 235,5 мың теңге /жоспар 434 406 мың теңге, болжамға 134,7 %/;

Аудандық бюджетке 1 115 433,5 мың теңге /жоспар 867 169 мың теңге, болжамға 128,6 %/.

Бюджеттің шығыс бөлігі 12 191 880 мың теңгеге жоспарланса, нақты 12 179 558,2 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.


Ауданның 2021 жылдың 6 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 7621,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 94,9 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 6235 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 88,8 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2020 жылы 16 237 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 92,2%-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5510 бірлікті құрап, 123,9 %-ды құрады. Субъектілердің 312-і заңды тұлғалар, 1906-сі шаруа қожалықтары, 3292-сі жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 5233 бірлік. Үлесі 122,1 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылы 9 233 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 108,8%-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Бөлшек сауда көлемі 3611,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 119,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 4422,1 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,7 %-ды құрады.

2021 жылдың 6 айында 17 090 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2020 жылы 17 675 га). Оның ішінде дәнді дақылдар - 6847 гектар, негізгі дақыл күріш – 6587 гектар, мал азықтық дақылдары - 7938 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 55 гектар.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 46627 бас немесе 110,1 %              /4263 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 18233 бас, 106,6 %       /1132 басқа көбейген/;

Қой 68420 бас немесе 100,8 %                 /564 басқа көбейген/;

Ешкі 52233 бас немесе 101,1 %                  /588 басқа көбейген/;

Жылқы 39450 бас немесе 112,5 %           /4390 басқа көбейген/;

Түйе 12380 бас немесе 112,7%               /1395 басқа көбейген/;

Құс 8196 бас немесе 101,6 %                   /133 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 8004,1 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,7 пайыз, ет өндірісінің көлемі /тірілей салмақпен/ 2768,6 тонна болып,
104,2 %-ды құрады.

Алынған жұмыртқа 334,8 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
4921 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 220,0 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2204 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
225,8 пайызға орындалды.

Есепте кезеңде 17314 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /96 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,7%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың 6 – айының  қорытындысымен 5,0%-ды құрады.

2021 жылдың 6 айында жұмыс іздеуші ретінде
3101 адам хабарласып, 606 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 835 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 54 адам, жастар тәжірибесіне 83 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1578 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
609 тұрақты, 969 уақытша жұмыс орындары.

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 1 383 224  мың теңгеге жоспарланып, нақты 1 729 952,4 мың теңгеге немесе 125,1%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 210 867,7 мың теңге /жоспар 194 865 мың теңге, болжамға 108,2%/;

Облыстық бюджетке 506 005,4 мың теңге /жоспар 388 786 мың теңге, болжамға 130,2 %/;

Аудандық бюджетке 1 013 079,2 мың теңге /жоспар 799 573 мың теңге, болжамға 126,7 %/.

Бюджеттің шығыс бөлігі 10 101 982 мың теңгеге жоспарланса, нақты 10 097 386,8 мың теңгеге немесе
100,0 пайызға орындалды.


Анықтама

Аудандық және 4-ші деңгейлі бюджеттің 2021 жылғы 1 шілдеге атқарылу барысы туралы

 Кірістер. 2021 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің түсімдер болжамы 9708335,4 мың теңге болса, ол нақты 9921841,6 мың теңгеге немесе 102,2 пайызға орындалды (оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжам 757025,0 мың теңгені құрап, ол 961849,0  мың теңгеге немесе 127,1 пайызға орындалды).

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 8908762,4 мың теңге (100 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде субвенция 7186841,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 755986,0 мың теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері 965935,4 мың теңге (100 пайыз).

         Шығындар. Аудан бойынша 2021 жылдың 1 шілдеге барлық шығындар жоспары 9880769,8 мың теңге болса, ол 9876175,1 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды.Игерілмеген қаржы 4594,7 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 625,4 мың теңге (99,8 пайыз), облыстық бюджеттен 72,5 мың теңге (100 пайыз), жергілікті бюджеттен 3429,1 мың теңге (100 пайыз).


Ауданның 2021 жылдың 5 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 5936,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 91,2 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 4792 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 85,1 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2020 жылы 16 237 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 92,2%-ды құрады /2021 жылдың 5 айының статистикалық есептілігі шықпаған/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5554 бірлікті құрап, 123,9 %-ды құрады. Субъектілердің 314-сі заңды тұлғалар, 1876-сі шаруа қожалықтары, 3364-ы жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 5275 бірлік. Үлесі 123,9%.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылы 9 233 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 108,8%-ды құрады /2021 жылдың 5 айының статистикалық есептілігі шықпаған/.

Бөлшек сауда көлемі 2957,8 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 115,8%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 3677,9 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,2 %-ды құрады /өсімдік шаруашылығы 7,5 млн. теңге, 100%, мал шаруашылығы 3597 млн. теңге, 102,2%/.

2021 жылдың 5 айында 17 090 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2019 жылы 17 124 га). Оның ішінде дәнді дақылдар - 6847 гектар, негізгі дақыл күріш – 6587 гектар, мал азықтық дақылдары - 7938 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 55 гектар.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 42295 бас немесе 105,6 %              /2258 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 16389 бас, 100,2 %       /35 басқа көбейген/;

Қой 72727 бас немесе 105,7 %                 /3935 басқа көбейген/;

Ешкі 46100 бас немесе 99,6 %                  /183 басқа азайған/;

Жылқы 36538 бас немесе 113,5 %           /4336 басқа көбейген/;

Түйе 11371 бас немесе 104 %               /438 басқа көбейген/;

Құс 7508 бас немесе 102,1 %                   /155 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 6491,1 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,2 пайыз, ет өндірісінің көлемі /сойыстық салмақпен/ 1290,7 тонна болып, 104,2 %-ды құрады.

Алынған жұмыртқа 275,2 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
3258,0 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 243,6 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 737 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
2,4 есеге артық орындалды.

Есепте кезеңде 14199 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /76 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,1%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың қорытындысымен 5,0%-ды құрады.

2021 жылдың 5 айында жұмыс іздеуші ретінде
2853 адам хабарласып, 263 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 750 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 53 адам, жастар тәжірибесіне 77 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1410 жаңа жұмыс орны ашылды, оның
530 тұрақты, 880 уақытша жұмыс орындары.

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 1 208 427  мың теңгеге жоспарланып, нақты 1 435 199,2 мың теңгеге немесе 118,8%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 196 058,8 мың теңге /жоспар 148 829 мың теңге, болжамға 131,7%/;

Облыстық бюджетке 390 853,4 мың теңге /жоспар 332 234 мың теңге, болжамға 117,6%/;

Аудандық бюджетке 848 287 мың теңге /жоспар 727 365 мың теңге, болжамға 116,6%/.

Бюджеттің шығыс бөлігі 8 130 246 мың теңгеге жоспарланса, нақты 8 065 287,6 мың теңгеге немесе
99,2 пайызға орындалды.


Ауданның 2021 жылдың 4 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы анықтама

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 4 470,3 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 86,8 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 3 541,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 80,9 %-ды құрады.

2021 жылдың 4 айында балық өнімін өңдеу 36,8 пайызға (63,2 %) және күріш өнімін өңдеу өнеркәсібі 35,5 пайызға (64,5 %)  төмендеген.

балық өнімін өңдеумен айналысатын кәсіпорын - СПК «Қызылорда балық» ЖШС;

күріш өнімін өңдеумен айналысатын кәсіпорын – «Рза Агро», «Сыр-Маржаны» ЖШС-і.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2020 жылы 11 457 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 92,2 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 498 бірлікті құрап, 126,0 %-ды құрады. Субъектілердің 312-і заңды тұлғалар, 1825-і шаруа қожалықтары, 3 361-і жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары – 5 238 бірлік. Үлесі 95,3 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылы 8 688 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 108,8 %-ды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 2 293,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 106,1 %-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 2 962,9 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,5 %-ды құрады.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 41 083 бас немесе 105,4 %              /2 112 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 16 821 бас 102,9 %       /479 басқа көбейген/;

Қой 70 815 бас немесе 106,0 %                 /4 006 басқа көбейген/;

Ешкі 45 410 бас немесе 99,6 %                  /196 басқа азайған/;

Жылқы 35 420 бас немесе 113,6 %           /4 242 басқа көбейген/;

Түйе 10 604 бас немесе 104,1 %               /419 басқа көбейген/;

Құс 7 624 бас немесе 102,1 %                   /156 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 4 982,1 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,3 пайыз, ет өндірісінің көлемі /сойыстық салмақпен/ 1 068,2 тонна болып, 105,2 %-ды құрады.

Алынған жұмыртқа 184,2 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
2 640,3 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 249,7 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 737 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 240,7 пайызға орындалды.

Есепте кезеңде 12 814 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /67 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,8 %-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.

2021 жылдың 4 айында жұмыс іздеуші ретінде 2 533 адам хабарласып, 199 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 702 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 46 адам, жастар тәжірибесіне 71 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1 275 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 454 тұрақты, 821 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 896 140 мың теңгеге жоспарланып, нақты 1 099 764,5 мың теңгеге немесе 122,7%-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 182 813,8 мың теңге /жоспар 133 452 мың теңге, болжамға 137 %/;

Облыстық бюджетке 305 508,4 мың теңге /жоспар 259 703 мың теңге, болжамға 117,6 %/;

Аудандық бюджетке 611 442,3 мың теңге /жоспар 502 985 мың теңге, болжамға 121,6 %/.

Бюджеттің шығыс бөлігі 5 911 742 мың теңгеге жоспарланса, нақты 5 896 591,3 мың теңгеге немесе 99,7 пайызға орындалды.


Ауданның 2021 жылдың наурыз айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы анықтама

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 3430 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 87,8 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2714 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 83,8 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2020 жылдың 12 айында 11 457 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 92,2 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5397 бірлікті құрап, 122,3 %-ды құрады. Субъектілердің 316-і заңды тұлғалар, 1739-і шаруа қожалықтары, 3342-і жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 5051 бірлік. Үлесі 122,3 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылдың 12 айында 8 688 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 108,8 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Бөлшек сауда көлемі 1 865,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 98,5% - ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім      2 168,2 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,3% - ды құрады/.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 39 800 бас немесе 105,0 %              /1903 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 16549 бас немесе 100,7 % /120 басқа көбейген/;

Қой 55401 бас немесе 107,8 %                 /4032 басқа көбейген/;

Ешкі 35405 бас немесе 99,1 %               /338 басқа азайған/;

Жылқы 34222 бас немесе 114,0 %           /4197 басқа көбейген/;

Түйе 10289 бас немесе 105,1 %               /502 басқа көбейген/;

Құс 7696 бас немесе 102,1 %                   /158 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 3474,5 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайыз, ет өндірісінің көлемі /сойыстық салмақпен/ 803,2 тонна болып, 104,3 %-ды пайызды құрады.

Алынған жұмыртқа 92,7 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі        1 471,2 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 153,1 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 164 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54,0 пайызға орындалды.

2021 жылдың наурыз айында 10239 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /56 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,9%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.

2021 жылдың наурыз айында жұмыс іздеуші ретінде 2080 адам хабарласып, 96 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 647 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 33 адам, жастар тәжірибесіне 61 адам жіберілді. Есепті кезеңде 1039 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 298 тұрақты, 741 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 617 250  мың теңгеге жоспарланып, нақты 848 366 мың теңгеге немесе 137,4 %-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 163 845 мың теңге /жоспар 105 904 мың теңге, болжамға 154,7 % /;

Облыстық бюджетке 229 090 мың теңге /жоспар                173 721 мың теңге, болжамға 131,9 % /;

Аудандық бюджетке 455 429 мың теңге /жоспар               337 625 мың теңге, болжамға 134,9 % /.

Бюджеттің шығыс бөлігі 4 137 229 мың теңгеге жоспарланса, нақты 4 139 349 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.


Ауданның 2021 жылдың ақпан айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы анықтама 

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 2277 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 92,3 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 1814 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 89,8 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2020 жылдың 9 айында 11 457 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 93,9 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5336 бірлікті құрап, 121,9 %-ды құрады. Субъектілердің 308-і заңды тұлғалар, 1682-і шаруа қожалықтары, 3346-і жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 5051 бірлік. Үлесі 121,9 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылдың 9 айында 8 688 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 108,9 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Бөлшек сауда көлемі 1156,8 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 98,1% - ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 1402,8 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 100,4% - ды құрады/.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 38337 бас немесе 105,1 %              /1852 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 16424 бас немесе 101,0 % /163 басқа көбейген/;

Қой 52441 бас немесе 108,1 %                 /3941 басқа көбейген/;

Ешкі 35280 бас немесе 98,8 %               /435 басқа азайған/;

Жылқы 33713 бас немесе 114,2 %           /4189 басқа көбейген/;

Түйе 10188 бас немесе 105,5 %               /527 басқа көбейген/;

Құс 7696 бас немесе 102,1 %                   /158 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 2108,6 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайыз, ет өндірісінің көлемі /сойыстық салмақпен/ 553,0 тонна болып, 100,6 %-ды пайызды құрады.

Алынған жұмыртқа 69,3 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 265 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,8 пайызға орындалды.

2021 жылдың ақпан айында құрылыс жұмыстары жүргізілмеген.

2021 жылдың ақпан айында 3165 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /18 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,2%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.

2021 жылдың ақпан айында жұмыс іздеуші ретінде 1689 адам хабарласып, 122 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 505 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 24 адам, жастар тәжірибесіне 38 адам жіберілді. Есепті кезеңде 763 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 191 тұрақты, 572 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 460 416  мың теңгеге жоспарланып, нақты 643 762,3 мың теңгеге немесе 139,8 %-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 144 854 мың теңге /жоспар 73 402 мың теңге, болжамға 197,3 % /;

Облыстық бюджетке 156 715 мың теңге /жоспар                127 322 мың теңге, болжамға 123,1 % /;

Аудандық бюджетке 342 194 мың теңге /жоспар               259 692 мың теңге, болжамға 131,8 % /.

Бюджеттің шығыс бөлігі 2 674 176 мың теңгеге жоспарланса, нақты 2 662 927 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға орындалды.


Ауданның 2021 жылдың қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы анықтама 

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 1257 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,5 % - ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 1030 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 102,4 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім  шығарылымы 2020 жылдың 9 айында 11 457 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 93,9 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5229 бірлікті құрап, 116,4 %-ды құрады. Субъектілердің 307-і заңды тұлғалар, 1612-і шаруа қожалықтары, 3310-і жеке кәсіпкерлер. Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыс жасап тұрғандары - 4972 бірлік. Үлесі 116,4 %.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 2020 жылдың 9 айында 8 688 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 108,9 %-ды құрады /есептілік тоқсан сайын шығады/.

Бөлшек сауда көлемі 103 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 51% - ды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 689 млн. теңге болып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 92,1 % - ды құрады/.

Мал басында өсім бар.

Ірі қара 38814 бас немесе 100,5 %              /173 басқа көбейген/; 

Оның ішінде сиыр 17721 бас немесе 109,3 % /1516 басқа көбейген/;

Қой 52290 бас немесе 103,9 %                 /3935 басқа көбейген/;

Ешкі 35101 бас немесе 98,7 %               /441 басқа азайған/;

Жылқы 33989 бас немесе 114,2 %           /4227 басқа көбейген/;

Түйе 10348 бас немесе 106,3 %               /617 басқа көбейген/;

Құс 7796 бас немесе 103,4 %                   /258 басқа көбейген/.

Сауылған сиыр сүті 1100,7 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6 пайыз, ет өндірісінің көлемі /сойыстық салмақпен/ 258,4 тонна болып, 87,8 %-ды пайызды құрады.

Алынған жұмыртқа 31,6 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 103 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51 пайызға орындалды.

2021 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстары жүргізілмеген.

2021 жылдың қаңтар айында 1395 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып /9 үй/, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,5%-ға орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың қорытындысымен 4,9%-ды құрады.

2021 жылдың қаңтар айында жұмыс іздеуші ретінде 1111 адам хабарласып, 36 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 215 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 16 адам, жастар тәжірибесіне 18 адам жіберілді. Есепті кезеңде 84 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 50 тұрақты, 34 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 96 151  мың теңгеге жоспарланып, нақты 136 388,3 мың теңгеге немесе 141,8 %-ға орындалды.

Республикалық бюджетке 16 680 мың теңге /жоспар 15 624 мың теңге, болжамға 106,8 % /;

Облыстық бюджетке 51 802 мың теңге /жоспар                31 248 мың теңге, болжамға 165,8 % /;

Аудандық бюджетке 67 906 мың теңге /жоспар               49 279 мың теңге, болжамға 137,8 % /.

Бюджеттің шығыс бөлігі 1 211 053 мың теңгеге жоспарланса, нақты 1 206 643 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға орындалды.

Дата публикации
02 марта 2021
Дата обновления
14 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 октября 2026
Тұран -Қазалы газеті
Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы