
2022 жыл бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 60 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 23026 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 1127 (4,9%);
Мемлекеттік корпорация арқылы – 1564 (6,8%);
Электрондық үкімет порталы арқылы – 20335 (88,3%) қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2022 жылдың12 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ.
2022 жылдың ІІ тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 58 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 11 641 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 682 (5,9%);
Мемлекеттік корпорация арқылы – 887 (7,6%);
Электрондық үкімет порталы арқылы – 10072 (86,5%) қызмет көрсетілді.
2022 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 2 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2022 жылдың 6 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ
2022 жылдың 3ай бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 58 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 6130 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 497(8,1%);
Мемлекеттік корпорация арқылы – 399 (6,5%);
Электрондық үкімет порталы арқылы – 5234 (85,4%) қызмет көрсетілді.
2022 жылдың 3 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 2 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтежесінде 1 ауылдық округте кемшіліктер анықталды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2022 жылдың 3 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ
2021 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 58 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 20945 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 3449 (16,5%);
Мемлекеттік корпорация арқылы – 2705 (12,9%);
Электрондық үкімет порталы арқылы – 14791 (70,6%) қызмет көрсетілді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 10 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтежесінде 2 ауылдық округте кемшіліктер анықталып, ескертулер берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2021 жыл бойынша арыз-шағым түскен жоқ.
2021 жылдың 9 айында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 58 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 16 800 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 2925 (17,5%);
Мемлекеттік корпорация арқылы – 2276 (13,5%);
Электрондық үкімет порталы арқылы – 11599 (69,0%) қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 7 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2021 жылдың 9 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ.
2021 жылдың ІІ тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 58 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 11 124 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 2341 (21,0%);
Мемлекеттік корпорация арқылы – 1765 (15,9%);
Электрондық үкімет порталы арқылы – 7018 (63,1%) қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 4 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2021 жылдың 6 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ.
Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2020 жылдық қортынды есебі
Жергілікті атқарушы органдармен 85 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетіледі.
2020 жылға барлығы 29511 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде: мемлекеттік орган арқылы қағаз жүзінде 11042 (37,5%) қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы 4820 (16,3%) қызмет және электронды үкімет порталы арқылы 13649 (46,2%) қызмет көрсетілді.
Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мекемелерге ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді. 2020 жылы 5 дербес бөлімге, 5 ауылдық округ әкімдігіне және 11 мектепке (аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, аудандық жер қатынастар бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі, Өркендеу ауылдық округі, Бірлік ауылдық округі, Аранды ауылдық округі, Сарыкөл ауылдық округі 16,17,90,95,165,170,204,276,25,102,104 мектептерге) ішкі бақылау мен әдістемелік көмек жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуде кемшіліктерге жол берген аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінде 3 заң бұзушылық анықталды. (негізсіз бас тарту)
Бұдан бөлек, аудан әкімдігінің ғимаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға байланысты «Сервистік әкімдік» арнайы мемлекеттік қызметтер көрсететін орын ашылып, жұмыс жасауда.
«Сервистік әкімдік» бөлмесінде 4 дербес бөлімнің (Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Қазалы ауданының жер қатынастары бөлімі, Қазалы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, Қазалы ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі) мамандары тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 20 түрі бойынша қажетті құжаттарды сол жерден қабылдап, кеңес беруде. Және сол бөлмеде өзін – өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан.
Өзін – өзіне қызмет көрсету бұрышында тұрғындар электронды түрде көрсетілетін 600-ге жуық қызмет түрі бойынша өтініш беруге мүмкіндігі бар және түсінбеген сұрақтар бойынша жауапты маманның көмегіне жүгіне алады.
Сонымен қатар өзін-өзіне қызмет көрсету бұрыштары аудандық дербес бөлімдерде, кент, қала, 19 ауылдық округ әкімі аппараттарында, және 37 мектепте және балабақшалар мен кітапханаларда ашылып, жұмыс жасап тұр.
Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2019 жылдық қортынды есебі
Қазалы ауданы бойынша 2019 жылы жергілікті атқарушы органдарымен 99 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 53109 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде: мемлекеттік орган арқылы қағаз жүзінде 26374 (49,6%) қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы 10621 (20%) қызмет және электронды үкімет порталы арқылы 16114 (30,4%) қызмет көрсетілді.
2019 жылы 8 мерзім бұзушылық орын алды. Оның 1-уі жер қатынастары бөліміне қатысты болса, 7-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде орын алған.
Жер қатынастары бөліміндегі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» көрсетілетін қызметі бойынша 2019 жылдың 1 ақпан күні портал арқылы түскен өтініші уақытынан бір күн кешігіп орындалған және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен көрсетілетін Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы қызметі бойынша маусым айында 7 өтінімнің мерзімі бұзылып, 3-4 күнге кешігіп көрсетілген.
Аталған мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзып көрсеткені үшін 6 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (оның ішінде 1-не 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды).
Мемлекеттік қызмет сапасына арыз-шағым түспеген.
Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді. 2019 жылы 5 дербес бөлімге, Әйтеке би кенті әкімдігі, 9 ауылдық округ әкімдігіне және 10 мектепке ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуде бірқатар кемшіліктерге жол берілгені анықталды. (барлығы 184 заң бұзушылық анықталды). Кемшіліктерге сәйкес акт жасалып, тиісті мамандардың тәртіптік жауапкершілігі қаралды.
Ауданда «e-gov» электронды қызметтерді насихаттау мақсатында 4 билборд орналастырылса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) баннері кент, қала және 19 ауылдық округте ілінді.
Қазалы ауданы бойынша аудан тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін және хабардарлығын арттыру бағытында 5 «Ашық есік күні», 5 семинар-кеңес, 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды насихаттау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 ауылдық округке, 3 дербес бөлімге, 2 мектеп, 7 балабақша қызметкерлеріне «e-gov» электронды үкімет порталы арқылы онлайн қызметтерін алу жөнінде және бейнероликтер көрсету арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен оқытулар жүргізілді. Ауданға қарасты 8 дербес бөлім және кент,қала 19 ауылдық округ әкімі аппараттары мен мектептер мен балабақшада стандарт тақтайшалары ілініп орналастырылған.