
Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері бойынша Қазалы ауданында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, І, ІІ, ІІІ – топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға және жұмыссыздарға барлығы 21521 адамға 5567 теңгеден 119 807,4 мың теңге қаржы төленді.
Төтенше жағдай кезінде халықтың табысын жоғалтуына байланысты төлемге (42500 теңге) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Қазалы аудандық бөлімінің мәліметіне сәйкес жалпы аудан бойынша төлем тағайындалғаны – 21092 адам.