
2026 жылғы 6 қазан күні Қазалы ауданында актив жиыны өтті. Жиында Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аманбай Нұрлан Аманкелдіұлы Аранды және Құмжиек ауылдық округтері әкімдері ретінде сайланған Абилгазы Аймаганбетович Томаев пен Муратбек Тунгышбаевич Нагашыбаевқа куәлік табыс етті.
Аранды және Құмжиек ауылдық округтері тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Абилгазы Аймаганбетович Томаев пен Муратбек Тунгышбаевич Нагашыбаев 2026 жылғы 06 қазаннан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.
Абилгазы Аймаганбетович Томаев 1967 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Қазалы ауданының Аранды ауылдық округінің әкімі. Сайлауда өзін-өзі ұсынған.
Муратбек Тунгышбаевич Нагашыбаев 1985 жылы 12 тамызда дүниеге келген. Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары. Сайлауда өзін-өзі ұсынған.