
2026 жылғы 14 шілде күні Қазалы ауданында актив жиыны өтті. Жиында Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аманбай Нұрлан Аманкелдіұлы Бозкөл ауылдық округі әкімі ретінде сайланған Ақылбек Бекқожаұлы Бөлебайға куәлік табыс етті.
Бозкөл ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Ақылбек Бекқожаұлы Бөлебай 2026 жылғы 14 шілдеден бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.
Ақылбек Бекқожаұлы Бөлебай 1964 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
Қазалы ауданының Бозкөл ауылдық округінің әкімі. Сайлауда өзін-өзі ұсынған.