
2020 жылдың 3 тоқсанына Қазалы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу барысы жөнінде ақпарат.
2020 жылдың 3 тоқсанына аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 565 өтініш келіп түсті.
Жоғары органдардан келіп түскен 52 өтініш,оның ішінде:
- Қызылорда облысы әкімі аппаратынан - 26;
- Аудандық прокуратурадан - 24;
Барлық келіп түскен өтініштерді аудан әкімі және тиісті сала бойынша жетекшілік жасайтын сала басшылары қарап, өтініштер зерделеніп, орындалуына бақылау жүргізеді.
Барлық өтініштер бақылауға алынып, қолданыстағы заңдылықтарда көрсетілген мерзім ішінде жауап әзірленіп, өтініш иесіне жолданды.
Түскен өтініштердің негізгі бөлігі жер телімі бойынша – 124, тұрғын үй бөлу туралы –73, жұмыспен қамту -119, коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша–91, материалдық,қаржылай көмек көрсету -63 ,кәсіпкерлік-10 және басқа да мәселелер жөнінде – 85, оның ішінде заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны - 27.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау тұрақты жүргізіледі.
Осы уақыт ішінде аудан әкімінің жеке қабылдауында –118 азамат, аудан әкімінің орынбасарларында және аудан әкімінің аппарат басшысында – 85 азамат болды. Жеке азаматтарды қабылдау кезінде басым бөлігі азаматтардан туындаған жұмыспен қамту,тұрғын үй бөлу жөнінде, коммуналдық шаруашылық, жер телімін бөлу және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері көтеріліп, қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірмелер берілді.
Осы өтініштерді талдау барысында аудандық жер қатынастары және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі, жұмыспен қамту орталығына қатысты мәселелер болып отыр.
Өтініш берушілердің көпшілігі - жұмыссыздар, зейнеткерлер, тұрмысы төмен азаматтар, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер.
Басшылардың жеке қабылдауына алдын ала жазылуды аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі ұйымдастырады.
Байланыс телефоны :8(724-38)79-2-80(32-08,32-21).