
Анықтама 2026 жылдың 9 айы бойынша
Қазалы ауданының 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
2026 жылдың 9 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 23 927,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 124,4 %-ды құрады.
Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 20 761,6 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 127,0 %-ды құрады.
Бөлшек сауда айналымы 11 896,3 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 101,5 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 19 329,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2 %-ды құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 25 784,2 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,9 %-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 19 061 млн. теңгені құрап, 183,2 %-ға қалыптасты.
Есепті кезеңде 43 989 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 101,2 %-ға орындалды.
Анықтама 2026 жылдың I жарты жылдық бойынша
Қазалы ауданының 2026 жылдың 6 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы.
2026 жылдың 6 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 16205,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 130,2 %-ды құрады.
Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 14115,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 134,6 %-ды құрады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4903 бірлікті құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4793бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 97,8 %-ға қалыптасты.
Бөлшек сауда айналымы 7276,5 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 100,3 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5062,1 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,3 %-ды құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 10563,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,6 %-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7220,0 млн. теңгені құрап, 119,2 %-ға қалыптасты.
Есепті кезеңде 22962 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 101,4 %-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.
Анықтама 2026 жылдың I тоқсаны бойынша
Қазалы ауданының 2026 жылдың 2 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы.
2026 жылдың 2 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5256 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,0 %-ды құрады.
Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 4386 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 102,2 %-ды құрады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5110 бірлікті құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4997 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 94,4 %-ға қалыптасты.
Бөлшек сауда айналымы 2249,1 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 100 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1618,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 %-ды құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1831 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 134,5 %-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1916 млн. теңгені құрап, 5131,3 %-ға қалыптасты.
Есепті кезеңде 4288 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 104,1 %-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.