Лого

Меню

Страницы

Статья

Сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді енді онлайн түрде рәсімдеуге болады

      «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» қызметін онлайн режимінде көрсетуге арналған пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды. Жоба «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беру тәртібін жаңарту шеңберінде жүзеге асырылуда.

Жоба «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ порталы арқылы сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйге онлайн өтінім беруді және электрондық келісімшарт жасауды қарастырады. Құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеуге қажетті барлық құжаттар «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіне жолданады.

Жоба аясында тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: құжаттарды тапсыру және жалға алу шартын тіркеуден бастап, сатып алу сомасы толық төленгеннен кейінгі ауыртпалықты шешіп, тұрғын үйге меншік құқығын жеке тұлғаның атына рәсімдеуге дейін кезеңдерді қамтиды.

Пилоттық жоба жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға және барынша жеңілдетуге бағытталған. Жоба мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға, оның ішінде әлеуметтік осал топ өкілдеріне, бюджеттік сала қызметкерлеріне және қала құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларына арналған.
Сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үй жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жасалған келісімдер негізінде беріледі.

Тіркеуші орган мен мәміле тараптарының өзара іс-қимылы нақты уақыт режимінде бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылады.

Пилоттық жоба заманауи цифрлық технологияларды, оның ішінде blockchain-ді қолдана отырып, сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйді рәсімдеу тәртібін жеңілдетуге, қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға, азаматтардың шығындарын азайтуға және процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

       

 

Дата публикации
27 января 2026
Дата обновления
27 января 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 октября 2026
Тұран -Қазалы газеті
Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы