
Сағат 7:00-ге сайлау учаскесін ашу туралы
2025 жылғы 28 қыркүйекте сағат 07.00-дегі жағдай бойынша Қазалы ауданындағы 40 сайлау учаскесі ашылып, дауыс беру басталды.
Сағат 20.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясына учаскелік сайлау комиссияларының ұсынылған мәліметтеріне сәйкес 2025 жылғы 28 қыркүйек жергілікті уақытпен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 68,48% сайлау бюллетеньдерін алды.
Барлық учаскелерде дауыс беру ҚР сайлау туралы заңының талаптарына сәйкес өтті, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.
Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы