
Қазалы ауданы бойынша 2025 жылдың 12 айында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпарат
Қазалы ауданы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы келесідей қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 32 825,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 112,3 пайызға немесе 5 686,0 млн. теңгеге артық орындалды.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 28 863,0 млн. теңге құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 112,8 пайызға немесе 4 573,0 млн. теңгеге артық орындалып отыр.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 371 бірлікті құрап, 95,7 пайызды құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 216 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 95,8 пайыз.
Бөлшек сауда айналымы 16 181,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайызға немесе 1 604,6 млн. теңгеге артық орындалды.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 30 869,4 млн теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,6 пайызға немесе 5 141,1 млн. теңгеге артық орындалды.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 29 681,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 105,1 пайызға немесе 2 350,6 млн. теңгеге артық орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 20 726,0 млн. теңгені құрап, 145,6 пайызға қалыптасып, 6 821,0 млн. теңгеге артық орындалды.
Тұрғын үй құрылысы бойынша есепті кезеңде 67 093 шаршы метр тұрғын үй салынып, өткен жылмен салыстырғанда 105,7 пайызға немесе 3 609 шаршы метрге артық орындалды.
2025 жылдың IIIтоқсанына анықтама
Қазалы ауданының 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы.
2025 жылдың 9 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 24991 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 119,4 %-ды құрады.
Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 22182 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 120 %-ды құрады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 371 бірлікті құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5213 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 98 %-ға қалыптасты.
Бөлшек сауда айналымы 10635,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 100,5 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 18465,6 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,7 %-ды құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 20920 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 119,1 %-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11294 млн. теңгені құрап, 123,8 %-ға қалыптасты.
Есепті кезеңде 43482 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 104,4 %-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.
Қазалы ауданының 2025 жылдың 5 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы.
2025 жылдың 5 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 13062 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 116,8 %-ды құрады.
Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11468 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,7 %-ды құрады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 292 бірлікті құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5139 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 93,7 %-ға қалыптасты.
Бөлшек сауда айналымы 5272,6 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 102,9 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3611,6 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 %-ды құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6570 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 135,3 %-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 991 млн. теңгені құрап, 423,7 %-ға қалыптасты.
Есепті кезеңде 17441 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 103,3 %-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.
2025 жылдың I тоқсанына анықтама
2025 жылдың 2 айында Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау. 2025 жылдың 2 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық деректерге сәйкес қалыптасты: өнеркәсіп өнімінің көлемі 4564,3 млн. теңгені құрады. Өндіріс көлемінің көп бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 3841 млн. теңге және өткен жылмен салыстырғанда 100,9% құрады.Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 436 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5296 бірлікті құрады, белсенділік көрсеткіші 94,4% - ға қалыптасты.Бөлшек сауда айналымы 2037 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңінде нақты көлем индексі 100,6% құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1460,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,8% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1276 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 137,9% -. құрады.Құрылыс жұмыстарының көлемі 35 млн. теңгені құрады және 119,7% - ға қалыптасты. Есепті кезеңде 4120 шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 104,6% - ға артық. Жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады.