Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат (ІІІ тоқсан)

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңдері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Осыған сәйкес, Жолдауды насихаттау және түсіндіру мақсатында «Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің өкімімен аудандық ақпараттық топтар (әр топта 5-4 адамнан) құрылып, топ мүшелерінің елді мекендерге шығу кестесі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Топ құрамына мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері, жастар көшбасшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілді.

Жолдау жарияланғаннан бері аудан әкімінің төрағалығымен актив жиыны өткізіліп, БАҚ өкілдері, ҮЕҰ өкілдері мен аудан жастары арасында Жолдауды талқылау бойынша кездесулер ұйымдастырылды.

Президент Жолдауын көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша 27 билборд орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Президент Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша Жолдау жарияланғалы әлеуметтік желідегі парақшаларда, аудандық «Тұран Қазалы» мен «Қазалы» газетінде жолдаудың толық мәтіні, қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланып, бүгінгі күнге дейін барлығы  35 мақала жарық көрді.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында «Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің 2018 жылғы 9 қарашадағы №456 өкімімен аудандық ақпараттық топтар (әр топта 5-4 адамнан) (бұдан әрі - ААТ) құрылып, топ мүшелерінің елді мекендерге шығу кестесі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар, желілік кесте әзірленіп, іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.  

Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі ААТ құрамын               39 мүшесі құрайды. Халықпен кездесу кестесіне сәйкес ААТ ақпан-наурыз айларында қазіргі кезге дейін 3 кездесу өткізіп, барлығы 1080 адам қамтылды.

Сондай-ақ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазалы аграрлы-техникалық, Қазалы көлік-техникалық жоғары, Қазалы гуманитарлы-техникалық колледжерінде "Дәнекерлеуші", "Ағаш ұстасы", "Тігінші", "Құрылыс, "Балық өңдеуші"" мамандықтары бойынша білім алушы жастарға Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Арнайы                3 (үш) колледжеден барлығы 240 жас қамтылды.

Елбасы Жолдауын көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша 24 билборд орнатылды. Елбасы Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша Жолдау жарияланғалы аудандық «Тұран Қазалы» мен «Қазалы» газетінде жолдаудың толық мәтіні, қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланып, бүгінгі күнге дейін барлығы 50 мақала жарық көрді.

Осы күнге дейін Жолдауды түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларда барлығы 2264 адам қамтылды.

Дата публикации
15 октября 2020
Дата обновления
15 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  
Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы