
Елбасының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына Үндеуінің іске асыру мақсатында Қазалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 2 наурыздағы №111 өкімімен Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі 8 аудандық ақпараттық-насихаттық топ (әр топта 5-4 адамнан) (бұдан әрі - ААТ) құрылып, топ мүшелерінің елді мекендерге шығу кестесі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған топтардың құрамына мемлекеттік орган басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері,облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылды. Жолдауды насихаттау мақсатында желілік кесте құрылып, аудан көлемінде тиісті жұмыстар жүргізілді.
Үндеудің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі ААТ құрамын 39 мүшесі құрайды. Халықпен кездесу кестесіне сәйкес ААТ сәуір-маусым айларында қазіргі кезге дейін 5 кездесу өткізіп, барлығы 1680 адам қамтылды.
2018 жылдың 6 наурыз күні Елбасы Үндеуінің барлық бағыттарын түсіндіру және насихаттау мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында идеологиялық актив жиыны өткізілді.
Елбасы Үндеуін көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша 12 билборд орнатылды. Елбасы Үндеуін ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша Үндеу жарияланған уақыттан бері аймақтық «Тұран Қазалы», «Қазалы» газеттерінде үндеудің толық мәтіні, қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланды, атап айтқанда 17 мақала жарық көрді.