
«Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Талдау барысында аталған бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі зерделенеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылды қамтиды.
Осыған орай, аталған бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса Әйтеке би кенті, Ж.Аймауытов көшесі №68 мекенжайда орналасқан «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге немесе kaz_madeniet@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар 27-8-34 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.