Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылғы есебі

2024 жылдың қорытындысымен аудан бойынша жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жайы туралы

Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2024 жыл бойынша  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 50 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  8244 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:

Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 637 (7,6%);

Мемлекеттік корпорация арқылы – 738 (9,0%);

Электрондық үкімет порталы арқылы – 6875 (83,4%) қызмет көрсетілді.

2024 жылы  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 11 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Есепті мерзімде қызмет сапасына шағымдану және қызмет мерзімінің бұзылу жағдайы орын алған жоқ.

2024 жылдың қорытындысымен аудан бойынша электронды көрсетілген қызметтің жалпы үлесі 93,3 пайызды құрады.

Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының 2023 жылдың 30 қарашасындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілетін ішкі бақылау шарасы туралы» № 484-жқ бұйрығына сәйкес 4 ішкі бақылау шарасы жүргізілді.

Бақылау шарасымен 11 мемлекеттік мекемедегі 33 көрсетілетін мемлекеттік қызмет қамтылды.

Нәтижесінде өзге де заңдылықтардың бұзылуының 3 бұзушылықтың жағдайы анықталды.

Кемшіліктерге жол берген Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

Есепті мерзімде қала және 8 ауылдық округі әкімі, 2 аудандық бөлімге іс-тәжірибелік көмек көрсетілді. Көмекпен 24 маман қамтылды.

Аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің қызметкерлерімен мекемедегі мамандарға «Е-лицензиялау» және ИИС ЦОН мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тәртібі, қызмет қағидаларындағы талаптар жан-жақты түсіндірілді.

Мекемедегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай (жұмыс кестесі, пандус, шақыру қоңырауы, тактильді тақта және т.б.), ақпараттық тақталардағы қағидалардың өзектендірілуі, «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарының» жұмыстарын жандандыру бойынша кеңестер берілді.

Есепті мерзімде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен «Ең алдымен адамдар» бағдарламасы аясында бірлескен оқу семинар ұйымдастырылды. Оған аудандық бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппаратының 35 маманы қатынасып, тиісті сертификаттар табысталды.

Аудан әкімі аппаратымен 2024 жылдың 29 қаңтарында бекітілген «Аудандағы жергілікті атқарушы орган арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтер бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандырудың жоспар-кестесіне» сәйкес аудан әкімінің аппаратына қарасты мекемелермен 2024 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына 18 түсіндірме мақала жарияланып, жоспар толығымен орындалды.

1. Жалпы ережелер

1.1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

·         «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

·         « Қазалы ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

·         « Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

·         « Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

·         « Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

·         « Қазалы ауданын әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

·         Қала,кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары;

1.2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2024 жылы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтің 50 түрі ұсынылды. Есепті мерзімде жалпы ұсынылған мемлекеттік қызмет саны 8244-ті құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтің 19 түрі көрсетілді. Жыл көлемінде мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 738 өтініш түсіп, мерзімінде орындалды.

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 50.

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

Тікелей мемлекеттік органмен қағаз жүзінде – 2 қызмет. Электрондық нысанда – 25 қызмет.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларының саны

2024 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің қағидаларының саны – 50.

2. Көрсетілетін қызметті алушылар мен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат

Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат, қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті ұсынушы жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіндегі арнайы ақпараттық тақталарда мемлекеттік қызметтің қағидалары мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

Аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында жаря талқылау туралы ақппарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында Қазалы гәзетінде және әлеуметтік желілерде 30 мақала жарияланды

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

2024 жыл көлемінде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен «Ең алдымен адамдар» бағдарламасы аясында бірлескен оқу семинар ұйымдастырылды. Оған аудандық бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппаратының 35 маманы қатынасып, тиісті сертификаттар табысталды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

2024 жылы мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан қызмет сапасына арыз-шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң талаптарының сақталуы бойынша 2024 жылы бекітілген жоспарға сәйкес 4 рет ішкі бақылау шарасы ұйымдастырылды. Бақылау шарасы 11 жергілікті атқарушы органмен ұсынылатын 33 мемлекеттік қызметті қамтыды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен және Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі тарапынан 2024 жыл көлемінде Ішкі бақылау нәтежесі бойынша Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінен 23 бизнес процес (жұмыс тәртібі) бұзылу фактісі анықталған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасымен 2024 жылы жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігімен жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысының тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 82,7%-ды құрады

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілген қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Есепті мерзімде қала және 8 ауылдық округі әкімі, 2 аудандық бөлімге іс-тәжірибелік көмек көрсетілді. Көмекпен 24 маман қамтылды.Аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің қызметкерлерімен мекемедегі мамандарға «Е-лицензиялау» және ИИС ЦОН мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тәртібі, қызмет қағидаларындағы талаптар жан-жақты түсіндірілді.

 

 


2024 жылдың 9 ай бойынша  жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2024 жылдың ІІІ тоқсанында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 50 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  6761 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:

Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 501

Мемлекеттік корпорация арқылы – 690

Электрондық үкімет порталы арқылы – 5570 қызмет көрсетілді.

2024 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 12 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2024 жылыдың 9 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ


2024 жылдың 3 ай бойынша  жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2024 жылдың І тоқсанында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 50 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  2456 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:

Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар арқылы – 133 (5,4%);

Мемлекеттік корпорация арқылы – 151 (6,2%);

Электрондық үкімет порталы арқылы – 2172 (88,4%) қызмет көрсетілді.

2024 жылдың 3 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 3 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2024 жылыдың 3 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ

 

Дата публикации
09 апреля 2024
Дата обновления
30 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  
Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы