

Қазалы аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
1972 жылы 27 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылдық кеңесінде туған.
1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін инженер-экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек қызметі:
Еңбек жолын 1990 жылы Қазалы ауданындағы «Агропромэнергия» мекемесінде слесарь-сантехник болып бастаған.
1994-1996 жылдары Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы күзет бөлімшесінде күзетші, Жаңақазалы поселкесі;
1996-1998 жылдары «Жолдас» кооперативінде жұмысшы, Жаңақазалы поселкесі;
2001-2002 жылдары Қазалы аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының маманы, Әйтеке би кенті;
2002-2005 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы, Әйтеке би кенті;
2005-2006 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, Әйтеке би кенті;
2006-2007 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісінің міндетін қоса атқарушы, Әйтеке би кенті;
2007 жылы Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Әйтеке би кенті;
2007-2009 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Әйтеке би кенті;
2009-2010 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Әйтеке би кенті;
2010-2013 жылдары «Оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, Әйтеке би кенті;
2013-2014 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы (персоналды басқару) бөлімінің басшысы, Әйтеке би кенті;
2014-2017 жылдары Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары, Әйтеке би кенті;
2017-2019 жылдары «Оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, Әйтеке би кенті;
2019-2020 жылдары «Қазалы ауданының білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадр жөніндегі маманы, Әйтеке би кенті;
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазалы аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.
2014 жылдан Қазалы аудандық сайлау комиссиясының мүшесі.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, екі ұл, бір қызы бар.