
Қазалы ауданының 2023 жылдың 12 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
Қазалы ауданының 2023 жылдың 12 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
2023 жылдың 12 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 21 800 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,2 %-ды құрады.
Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 19 499 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 101,4 %-ды құрады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 912 бірлікті құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5706 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 96,4 %-ға қалыптасты.
Бөлшек сауда айналымы 13 035,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 107,0 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 24 971,1 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 %-ды құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 22 552 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,5 %-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 229 млн. теңгені құрап, 158,5 %-ға қалыптасты.
Есепті кезеңде 54 647 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 101,2 %-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.
Есепті кезеңде аудан бойынша 3 219 жаңа жұмыс орны ашылды: оның ішінде 1263 тұрақты,
1956 уақытша болып табылады.
Қазалы ауданының 2023 жылдың 9 айындағы әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы
2023 жылдың 9 айында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 17 022,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,9 %-ды құрады.
Өндіріс көлемінің басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 15 326,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 102,7 %-ды құрады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 462 бірлікті құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6219 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші 96,2 %-ға қалыптасты.
Бөлшек сауда айналымы 8 674,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі 106,3 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 18 094,6 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,1 %-ды құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 14 191,2 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7 %-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 684,0 млн. теңгені құрап,122,0 %-ға қалыптасты.
Есепті кезеңде 40 166 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 133,0 %-ға орындалды.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.
Есепті кезеңде аудан бойынша 2694 жаңа жұмыс орны ашылды: оның ішінде 875-ы тұрақты,
1819-і уақытша болып табылады.