
Қазалы ауданы бойынша 2023 жылғы 06 тамызда жергілікті уақытпен сағат 07.00-де Шәкен ауылдық округіндегі №71 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат Қазалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындысы туралы ақпарат 20.00-де ұсынылатын болады.