
Қазалы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 17 шілдедегі шешімімен 2023 жылғы 06 тамызға тағайындалған сайлауға Шәкен ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді:
1.Есенов Айболат Қадырбайұлы-1975 жылы туған, қазақ, уақытша жұмыссыз, Әйтеке би кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
2.Жұмағали Алтынбек Бахытұлы-1976 жылы туған, қазақ, Бозкөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Жанкент ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
3.Жүсіп Жаңаберген Серікұлы-1973 жылы туған, қазақ, ЖК "Жүсіп Жаңаберген" басшысы, Әйтеке би кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
4.Сарсенбаев Берекет Жубанышбаевич-1981 жылы туған, қазақ, уақытша жұмыссыз, Әйтеке би кентінде тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған. «AMANAT» партиясының мүшесі.
5.Қаналы Бақытбек Оңғарбайұлы-1979 жылы туған, қазақ, Сарбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Әйтеке би кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.