
2023 жылғы 17 ақпанда сағат 11:00-де Қазалы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №7 сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында Табынбай Есет Жұмабекұлын, Копболсынов Дастан Бибосыновичті және Қадірбай Нұрдәулет Жемісбекұлын №7 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы.
Өтетін орны: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Достық көшесі көшесі, №66 «А», Қазалы гуманитарлық техникалық колледжінің ғимараты.
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 17 ақпан сағат 10.30-ға дейін келесі телефондар бойынша: 27-2-32 телефон бойынша жүргізіледі.