
2023 жылғы 15 ақпанда сағат 11:00-де Қазалы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №10 сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында Кәдір Ардақ Нартайұлын және Изжанов Жанболат Каскирбековичті №10 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы.
Өтетін орны: Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Қорқыт ата көшесі, №43, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің ғимараты.
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 15 ақпан сағат 10.30-ға дейін келесі телефондар бойынша: 51-2-32