
2023 жылғы 15 ақпанда сағат 11:00-де Қазалы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №6 сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында Исламбек Назкен Исламбекқызын және Рахметов Абдуали Умирзаковичті №6 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы.
Өтетін орны: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Үмбет би көшесі, №8, Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның ғимараты.
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 15 ақпан сағат 10.30-ға дейін келесі телефондар бойынша: 26-1-53