
Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде ең төмен жалақының (ЕТЖ) бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді:
5 х 70 000 = 350 000 теңге.
***
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді: партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін 5 х 70 000 = 350 000 теңге.
Тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар тиісті аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасын төлемейді.
Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 3-тен 5-ке дейінгі пайызын алған саяси партия сайлау жарнасы мөлшерінің 50 пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді: партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін 2,5 ЕТЖ х 70 000 = 175 000 теңге;
Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 1-ден 3-ке дейінгі пайызын алған саяси партия сайлау жарнасы мөлшерінің 70 пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді: партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін 3,5 ЕТЖ х 70 000 = 245 000 теңге.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазалы аудандық мәслихатының депутаттағына кандидаттар үшін:
«Қазалы ауданы әкімінің аппараты» КММ
Код КГУ 1222510
Қазалы аудандық Қазынашылық басқармасы
ИИН/БИН 941240001340
ИИК KZ080705031222510002
БИК KKMFKZ2A КБЕ 12
КНП 171