
2023 жылғы 10 қаңтар күні Қазалы аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, Ақжона ауылдық округінің әкіміне кандидат болып түсу туралы өзін-өзі ұсыну тәртібімен 3 адам құжаттарын тапсырды:
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2023 жылғы 29 қаңтарға тағайындалған Ақжона ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 31 желтоқсанынан бастап 2023 жылғы 13 қаңтар аралығында (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.