Лого

Меню

Страницы

Статья

Тасарық ауылдық округіндғ қоғамдық тыңдау өткізіледі

Құрметті: Тасарық ауылдық округінің тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы  28 қаңтардағы 118-02/45 бұйрығымен бекітілген «Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру» қағидасының 7 тармағына сәйкес «Қазалы ауданының жер қатынастары бөлімі» КММ-сі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округі, Тасарық елді мекенін кеңейту үшін, 122,0 гектар және Тасөткел елді мекенін кеңейту үшін, 18,0 гектар жерді, тұрақты пайдалануға беру жөнінде қоғамдық тыңдау 2021 жылдың 02 шілде күні сағат 11:00-де Тасарық ауылдық округі, Тасарық елді мекені, Тасарық көшесі №32 мекен-жайда орналасқан "Тасарық ауылдық клубы" МКК-да өтетінін хабарлаймыз. Хабарласу телефоны 8(72438) 34-7-97.

Сонымен қатар, қоғамдық тыңдауға ауыл ақсақалдары мен қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер, Қазалы орман мекемесінің мамандары шақыртылатынын назарға саламын.

Ескертулер мен ұсыныстарды мына электрондық почтаға жіберіңіз: a.karibaev@korda.gov.kz немесе 872438 34-7-97 телефон нөмірінен ақпарат алуға болады.

Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
07 июня 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША
Ақпарат
20 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ  
Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы